Ақтауда ҚМДБ "Ел үлесі - пәтерге" жобасының аясында Дүйсенғалиевтар отбасына жаңа үйдің кілті табысталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл ел бойынша баспанаға зәру отбасына бұйырған 430-ыншы үй. Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен былтыр басталған 5 бөлмелі үйдің құрылысы аяқталып, Дүйсенғалиевтар отбасы жаңа тұрғын үйге көшті. Зәулім үйде барлық жағдай жасалған.
- Баспанаға мұқтаж отбасы осы уақытқа дейін көп қиындық көрді, енді міне соның бәрі артта қалды. Зәулім де биік үйде көпбалалы отбасы бақытты күн кешіп, саналы ұрпақ өсіре бергей, - дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің наиб имамы Айдос Муталиев.