Қарақия ауданы, Құрық ауылындағы “Еңбек” шаруа қожалығының иесі Алтыбай Базаров 1 гектар жерге қырыққабат егіп, 20 тоннаға жуық өнім алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Биыл облыста қырыққабат көптеп өсірілуде. Мұнайлы ауданында да 20 гектар жерге қырыққабат егіліпті. 600 тоннаға дейін өнім алу жоспарланып отыр, делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Жергілікті жерден өнім өндіруді көбейткенде ғана бағаны тұрақтандыруға болады.