Мас күйде көлік жүргізген Қарақия тұрғыны 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қарақия аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен Я-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Я. 2021 жылы 25 қыркүйек сағат 19.50 шамасында Қарақия ауданы «Құрық-Құрық» порт жолында автокөлігін масаң күйде басқарған. Сот қаулысымен Я. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылған, делінген Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.