Ольга Золотых «Mangystau Media» ЖШС директоры Айсұлу Дутбаеваның бұйрығымен сайттың бас редакторы болып тағайындалды.
Ол еңбек жолын 2003 жылы облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында редактор қызметінде бастады.
2005-2007 жылдары «Қазақстан» республикалық телеарнасының Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі, 2007-2014 жылдары «Астана» республикалық телеарнасының Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі болған.
2014-2016 жылдары қалалық «Тумба» газетінде бас редактордың орынбасары, 2014-2017 жылдары республикалық «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі қызметін атқарған.
2018-2019 жылдары республикалық «Хабар» телеарнасының Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілшісі қызметінде болған. Осы жылдар ішінде республикалық «Курсив», «Караван» газеттерінде және «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігінде меншікті тілші болып жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін облыстық «Огни Мангистау» газетінің тілшісі болды. Тұрмыста, екі баласы бар.Оқи отырыңыз: Түпқарағанда миллионға жуық теңге қанша итті «қапты»