Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінде Халық қаһарманы Хиуаз Қайырқызы Доспановаға арналған мурал салынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Хиуаз Қайырқызы 1922 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төрінде майдан салған қазақтан шыққан ұшқыш әйел. Ел басына күн туған шақта сұрапыл соғысқа араласып, бейбіт заманда еліне талмай еңбек еткен Атыраудан шыққан жауынгер қыздың бейнесі бүгінде Ақтаудың қақ төрінен орын алды.
Батыр қыздың муралы 8 шағынаудан 29 тұрғын үйдің сыртына бейнеленді.