© Талант ҚҰСАЙЫН
Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ғазиз Надуевтің жаңа қаулысы шықты. Қаулы 2021 жылғы 17 мамырдың сағат 00:00-нен бастап күшіне енеді.
РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ:
1) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес ашық және жабық базарлардың, супермаркеттердің, гипермаркеттердің қызметіне;
2) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес орталықтары, монша, йога-орталықтарын қоса алғанда қызметіне;
3) мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, бизнес-орталықтар және басқа да офистер қызметкерлерінің 30% - ын қашықтықтан жұмыс режиміне және 70%-ын күндізгі жұмыс режиміне ауыстыруға;
4) балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, ашық және жабық үй-жайлардағы аттракциондар) толтырылуы 30% - дан артық емес, бірақ 50 адамнан аспайтын қызметіне;
5) күшейтілген санитариялық - дезинфекциялық режимді және шахматтық отырғызу тәртібі бойынша әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, мәдени нысандардың, кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне;
6) толымдылығын 30%-дан асырмай, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының,филармониялардың жұмысына;
7) толымдылығы 50 адамға дейін, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мәдениет объектілерінің қызметіне (репетицияға);
8) толымдылығын 30% - дан асырмай, бір адамға 4 шаршы метр алаңмен қамтамасыз етіп, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып діни объектілердің қызметіне;
9) толымдылығы 50%- ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің (үй-жайдағы) қызметіне;
10) толымдылығы 30% - дан артық емес, бірақ 50 адамнан асырмай, ас беруді өткізу үшін ғана жұмыс істеугебанкет залдарының қызметіне;
11) асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне (тәулік бойы);
12) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жазғы алаңдардың қызметіне сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін;
13) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, стрит-фудтардың (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек) қызметіне;
14) толтырылуы 30%-дан артық емес бильярд, боулинг, компьютерлік клубтардың қызметіне.