Маңғыстау облысында құс тұмауы тіркелмесе де жабайы жыл құстары қонақтайтын теңіз жағалауындағы мен үй шаруашылығындағы 3 400 құсқа вакцина жасалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталыңында өткен брифингте МО Ветеринария басқармасының басшысы Шамғали Хамиев мәлімдеді.
Жануарларға аса қауіпті сібір жарасы, оба, күл, шешек, пастереллез, брадзот, эхинококкоз тағы да басқа 12 түрлі ауруға қарсы 652 990 доза препарат егілді. Жануарлардың бруцеллез, туберкулез, эпизоот. эпидимит, листериоз, лептоспироз, хламидиоз, құтыру, сібір жарасы секілді 7 аса қауіпті жұқпалы ауруға 632 158 қан сынамалары тексерілді. Аса қауіпті аурулар анықталған жоқ, - деді Шамғали Хамиев.
Бұдан бөлек, облыс аумағында түйелер 2020 жылдың бас кезінде болған күл ауруынан айықты.
Ветеринариялық көмекке жүгінген 2 379 түйе емделді. 396 қора жайлар зарарсыздандырудан өткізілді. Қазіргі уақытта біздің облыс күл ауруынан таза аймақ, - деді Шамғали Хамиев.
Облыста ауыл шаруашылығы жануарларын сырғалау, чиптеу және мәліметтерін арнайы электронды базаға енгізу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Облыс бойынша 23 888 мүйізді ірі қара, 415 993 мүйізді ұсақ мал, 85 498 жылқы, 72 996 түйе, барлығы 605 375 бас мал ветеринариялық есепке алынып, электронды базаға енгізілген.