Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау немесе ауыстыру мерзімін ұзартты. Енді Ескі банкноттарды жаңасына 2021 жылдың 1 ақпанына дейін айырбастауға болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олар тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана ауыстырылады, айырбасталады.
ҚРҰБ Маңғыстау филиалы, Ақтау қ., 23 шағын аудан, 26 ғимарат.
Телефон +7 (7292) 701 512, e-mail: mang_80@nationalbank.kz
2021 жылдың 1 ақпанынан кейін 2006 жылғы банкноттар айырбасталмайды.
Қосымша сұрақтар бойынша Ұлттық Банктің 1477 Байланыс-орталығына хабарласуға болады.