Маңғыстауда 20 қазандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 49 адам ем қабылдап жатыр. Үй карантинінде оқшауланып отырған 12 адам бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 49 науқастың ішінде 3 адамның коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен.
Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 3 науқас жатыр. Оның 2-нің жағдайы ауыр, тағы 1 науқас өте ауыр халде деп бағалануда. Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 23 пайызды құрайды. Облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.