Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 12 адам тіркелді. Ақтау қаласында - 2, Жаңаөзен қаласында - 1, Бейнеу ауданында - 9, деп хабарлайды МО ҚКО.
9 науқас бұрын КВИ індетін жұқтырған адамдармен байланыста болған. Қалған 3 науқастан вирус дәрігерге қаралған кезде анықталды.
Науқастар бірден жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
10.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 343 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 82
Жаңаөзенде – 32
Маңғыстау ауданында – 15
Мұнайлы ауданында – 19
Қарақия ауданы – 47
Бейнеу ауданында - 141
Түпқараған ауданында – 7
Жазылып шыққаны – 193
Қайтыс болған – 1