Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған 1 адам анықталды.
1984 жылғы Түркия азаматы. Ақтауға жұмыс бабымен Нұр-Сұлтан қаласынан ұшып келген. Ол келген бойда бірден ПТР диагностикалық сынама алынған. Нәтижесінде, одан Covid-19 анықталды. Бірден оқшауланып, облыстық ауруханаың инфекциялық бөлімшесіне жатқызылды. Онымен байланыста болған 2 адамнан да сынама алынып, теріс нәтиже көрсеткен. Екеуі де карантинге жатқызылды.
25.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 167 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 36;
Жаңаөзенде – 25;
Маңғыстау ауданында – 7;
Мұнайлы ауданында – 5;
Қарақия ауданы – 30;
Бейнеу ауданында - 64;
Жазылып шыққаны – 98;
Қайтыс болғаны – 1.