© Сайт архивінен
Ақтауда туристік нысандар жыл сайын көбейіп келеді. Соның бірі - 15-шағынауданда жекеменшік сипаттағы "Лагуна" аквапаркі салынып жатыр. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жазғы маусымда балаларды қуантатын нысан 3 гектар жерді қамтиды. Мұнда үлкен 6 сырғанағыш, бассейн, толқынды бассейн, түрлі кафелер, футбол алаңы орналасқан. Сондай-ақ, 60 адамға шақталған қонақ үй де бар.
Қала әкімі Ғалымжан Ниязов құрылыс барысымен танысты.