Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 8 адам анықталды. Олардың барлығы Бейнеу ауданының тұрғындары. Оның 6 коронавирус індетін жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Ал 2-і скрининг кезінде анықталды, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Бірінші науқас - 2000 жылы туған ер адам;
Екінші науқас - 1974 жылы туған ер адам;
Үшінші науқас - 1961 жылы туған ер адам;
Төртінші науқас - 2019 жылы туған ер бала;
Бесінші науқас - 1995 жылы туған әйел адам;
Алтыншы науқас - 1988 жылы туған әйел адам,;
Жетінші науқас - 2001 жылы туған әйел адам;
Сегізінші науқас - 2002 жылы туған әйел адам.
Барлық науқас карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
18.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 161 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 33;
Жаңаөзенде – 23;
Маңғыстау ауданында – 7;
Мұнайлы ауданында – 4;
Қарақия ауданы – 30;
Бейнеу ауданы – 64;
Жазылып шыққаны – 45;
Қайтыс болған – 1.