Маңғыстау облысының тұрғындарына дауылды ескерту туралы 89 смс-хабарлама жіберілген. Бұл туралы қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, төтенше жағдайлар туралы ескертулер ұялы байланыс операторлары арқылы облыс тұрғындарына СМС-хабарлама түрінде уақытылы жіберіледі. Осы кезге дейін дауылды ескерту туралы 89 смс-хабарлама тұрғындарға жолданған. Оның 4-еуі коронавирусқа қатысты болды.
Ал қалғаны ауа райына қатысты ескертулер, оның ішінде көктайғақ – 23, қар – 3, тұман – 58, жел – 42, шаңды боран – 10, жаңбыр – 12, найзағай – 17, бұршақ – 4.
Барлығы Кcеll, Beeline, Tele2, Altel сияқты 800 мыңнан астам ұялы байланыс абоненттері қамтылды.