Маңғыстауда бүгін 4 адам коронавирустан емделіп, үйлеріне жіберілді.
Оның үшеуі 2008, 1993 және 1984 жылы туған Жаңаөзен қаласының тұрғындары болса, біреуі 1996 жылы туған Ақтау қаласының тұрғыны. Барлық емделіп шыққан адамдар енді үй карантинін сақтауы тиіс, делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Маңғыстауда коронавирустан емделіп шыққандар саны 54-ке жетті.