Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша белсенді және ауқымды үгіт-профилактикалық жұмыстарын жалғастырып жатыр.
16 наурызда ТЖ режимі енгізілгеннен бастап департаменттің 1 248 қызметкер, 500-ден аса дауыс зорайтқыш қондырғысыы бар автомобиль күн сайын облыстың қалалары мен аудандарында өткізілетін алдын алу іс-шараларына қатысты.
Барлық қызметкерлермен 51 елді мекенде, адам жиналуы мүмкін объектілерге 5831 астам рейд, сондай-ақ денсаулық сақтау объектілерінде қызмет көрсетуші персоналмен және медицина қызметкерлерімен 200 (226) рет нұсқау жүргізді.
Ақтау қаласында күніне төрт рет құлақтандыру жүйесі арқылы халықты хабардар етті. «АLMA TV» 15 телевизиялық арнасы тәулігіне 3 рет (сағат 08.00, 18.00, 22.00) тоқтатылып, онда карантин кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелері көрсетіледі, осыған ұқсас жарықтандыру басқа да БАҚ-та (ТВ–59 рет, радио бойынша-614 рет, баспа басылымдарында–23, интернет-ресурстарда-880 рет) жүргізілді.
28 сәуірден бастап Жаңаөзен қаласының қызметкерлері және Бейнеу ауданының қызметкерлері 7 мамырынан бастап Қарақия ауданының Сенек ауылында (2 нысан) және Бейнеу кентінде (4 нысан) орналасқан 6 карантиндік нысанда тәулік бойы күзет іс-шараларын жүзеге асыру үшін полиция органдарына берілгенін атап өткен жөн. Тәулік сайын күзет үшін жеке құрамнан 9 адам тартылады, бұған дейін жеке құрамнан 35 адам тартылды, 4 есеге азайғаны байқалады.
Сондай-ақ карантиндік объектілер қысқарды, атап айтқанда бүгінгі күні 41 нысан бақылауда тұр. Жағдай тұрақтанған уақытқа дейін тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.