Қазақстанда кәмелетке толмағандар арасындағы суицид 11% - ға, суицидке оқталу әрекеті 17% - ға қысқарды. ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мәліметінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ана өлімінің көрсеткіші 2,6 есеге, ал нәресте өлімінің деңгейі 3 есеге төмендеген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Балалардың қауіпсіздігіне, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты мәселелерді шешу бойынша жобаларды қолдау қажет. Қаражатты тиімді жұмсау мәселесі тұрақты бақылауда болуға тиіс", - деді Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева.