Сұрмергендер сайысы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында өтуде. Бүгін кешке жеңімпаздар анықталады, деп хабарлайды mangystaunedia.kz.
Жобаның мақсаты – салт-дәстүрімізді жаңғырту, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, садақ атудың бұқаралық спорт ретінде дамуына ықпал ету, садақ атуды мектептердегі дене шынықтыру пәнінің бағдарламасына енгізу.
Тұңғыш рет өтіп жатқан республикалық чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ге жуық адам қатысуда. Жарысқа қатысушылар Олимп нысанасы, Жамбы нысанасы, Пута нысанасы, Қырғыз (Орта Азия) нысанасы, Қазақ нысанасы форматтары мен финалдық кездесуден бағын сынайды. Нысаналардың арақашықтығы 10 метрден 75 метрге дейін құрайды.
Чемпионат жасөспірімдер (7-18 жас аралығы), жастар (18-24) және ересектер арасында өтуде.
Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 9 750 000 теңге.
Ұйымдастырушылар – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен дәстүрлі садақ ату федерациясы мен Маңғыстау облысының әкімдігі.