Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Төлем көзінде ұсталатын салықтарды қоспағанда, КТС/ЖТС есептеуді бөлшек салықтың АСР қолдану кезінде салық төлеуші есепті салықтық кезең ішінде салық салу объектісіне мынадай мөлшердегі ставканы өз бетінше қолдану арқылы жүргізеді:
Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша – 4%;
Корпоративті табыс салығын/ жеке табыс салығын есептеу үшін шығыстар сомаларын шегерімге жатқызу бойынша Салық кодекстің 242-бабы 3-2-тармағының нормаларын қолданатын салық төлеушілерге тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша – 8% (Салық кодекстің 696-3-бабы 4-тармағы).
Сонымен бірге жергілікті өкілді органдардың мөлшерлемені (4%) қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне қарай 50 пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге құқығы бар. Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемені жеке-дара азайтуға тыйым салынады (Салық кодекстің 696-3-бабы 5-тармағы).
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының барлық аудандары мен қалаларында бөлшек салықтың АСР ставкасының мөлшерін төмендету туралы шешім қабылданды.
Төменде мәслихаттардың бөлшек салықтың АСР мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы шешімдері бойынша статистика келтірілген және осы шешімдер барлық ресми сайттарда орналастырылған:
1) Бейнеу ауданы бойынша 26.03.24 ж. №14/119;
2) Қарақия ауданы бойынша 28.03.24 ж. №13/103;
3) Маңғыстау ауданы бойынша 29.03.24 ж. №10/77;
4) Ақтау қаласы бойынша 28.03.24 ж. №11/64;
5) Жаңаөзен қаласы бойынша 28.03.24 ж. №14/113;
6) Мұнайлы ауданы бойынша 27.03.24 ж. №13/78.