2020 жылдан бастап 340 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады
[ 2019 ] 9 желтоқсан, 05:42 | Жаңалықтар
2020 жылдан бастап жаңа жәрдемақы 340 мыңнан астам отбасыға тағайындалады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Көпбалалы отбасыларға жеке мемлекеттік жәрдемақы енгізу көзделген. 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға, яғни 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар жанұяларға отбасының табысына қарамастан жәрлемақы төлеу көзделіп отыр. Біздің есебіміз бойынша, аталған жәрдемақыны жаңа жылдан 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы алатын болады», - деді министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында. Оның сөзіне қарағанда, отбасыдағы балалар санына байланысты 42 496 теңгеден 74 388 теңгеге дейін сараланған мөлшерде жаңа мемлекеттік жәрдемақы белгіленетін болады.
Оқи отырыңыз: «Ақтау-Форт-Шевченко» тас жолын жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр
1084
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.