Бұл туралы mangystaumedia.kz Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің фейсбук парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. "Құрық ауылы-Ералиев станциясы" бағытындағы тас жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жергілікті бюджеттен 1,2 млн теңге қаражат қаралып, жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер мекеме - "Алтынқұрық" ЖШС-і. Жөнделетін жолдың көлемі 300 шаршы метр. Жоспарға сәйкес, жұмыстың аяқталу мерзімі - 15 желтоқсан, делінген ақпаратта. Оқи отырыңыз: Ақтауда үшем дүниеге келді