Құрық ауылының тұрғындарына арналған бірегей жоба іске қосылады
[ 2019 ] 22 қараша, 06:22 | Жаңалықтар
«Теңізшевройл» ЖШС және Орталық Азияның Еуразия Қоры Қарақия ауданы, Құрық ауылының тұрғындарына арналған бірегей жобаны іске қосады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қарақия ауданының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Орталық Азияның Еуразия Қоры» КҚ, «Теңізшевройл» ЖШС қаржылай қолдауымен 2019 жылдың 25-27 қараша күндері аралығында Құрық ауылы тұрғындарына арналған «Қоғамдық кеңістіктер» әлеуметтік жобасы бойынша өз жұмысын бастайды.
Жобаның мақсаты - жергілікті белсенділер мен тұрғындарды қоғамдық инфрақұрылымды жетілдіру үрдісіне жұмылдыру арқылы жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсартудағы жауапкершіліктерін арттырып, әрбір тұрғынның өз қаласы мен ауылының дамуына, гүлденуіне жауапты екендігін және оған бірлесіп күш салу арқылы ғана қол жеткізуге болатындығын түсіндіру.
Жоба шеңберінде өз елдімекендерін жақсартуды қалайтын, бос уақытты тиімді өткізуге арналған кеңістік құрғысы келетін, өз қауымдастықтарының дамуына үлес қосқысы келетін Құрық ауылының белсенді азаматтары, жастары, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жалпы немқұрайлы емес тұрғындарымен кездесу өткізіледі. Белсенді азаматтарға «Жобаны дамыту және басқару» атты екі күндік семинар-тренинг өткізіледі.
Семинар-тренингтің мақсаты мақсатты аудиторияға жобаны дұрыс жазуды үйрету болып табылады: нақты мақсаттар мен міндеттерді айқындау, жұмысты және жұмыстың орындалу мерзімін белгілеу, бюджетті жасақтау, жобаның мониторингтік жоспарын жасау. Семинар-тренингтен соң қатысушылар «Жұмылсақ – жұдырық боламыз!» атты шағын жобалар байқауына қатыса алады.
Семинарды тәжірибелі тренер, мониторинг және бағалау маманы, Алматы облысында қауымдастықтарды жұмылдыру бойынша тренингтер өткізуден үлкен тәжірибесі бар маман Әсел Иманғожина өткізеді.
«Қоғамдық кеңістіктер» жобасы 2018-2019 жылдары Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылы, Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында сәтті іске қосылған болатын. Жергілікті тұрғындар өз күштерімен жалпы құны 17 миллион теңгені құрайтын 10 шағын жобаны сәтті жүзеге асырды. Бұл жобалардың нәтижесінде 233 адам өз білімдері мен біліктілігін арттырса, жалпы саны 5 мыңнан астам адам шағын жобалардың игіліктерін пайдалануда.
Өтетін орны: Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Қарақия кәсіптік колледжі.
Қосымша ақпарат: Алма Шолпанқұлова, жоба менеджері.
Тел: +77012133205, эл.мекен-жай: alma@ef-ca.org.
Жазира Жүнісова, жоба ассистенті.
Тел.: +77751582428, эл.мекен-жай: zhazira@ef-ca.org
Марина Фахрутдинова, «Теңізшевройл» ЖШС: +7 7122 333116
2048
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.