Түнімен жауған жаңбырға қарамастан кеше Қарақиядағы көптеген мекеме қызметкерлері сенбілікке шықты. Көшелер мен жол бойларындағы қоқысты тазалап, талдардың түбін қопсытып, айналаны ретке келтірді. Мәдениет үйі мен ауыл әкімдігінің қызметкерлері геолог-барлаушылар музейінің ауласына ағаш отырғызатын жүз шұңқыр қазса, ҚДС басқармасы базар маңайын тазалады. Ал кәсіпкерлік бөлімі мен "Атамекен" палатасы аудандық филиалының жастары: "Жауса жаңбыр, ыстық күнде, қарда да, Біз біргеміз, достарменен қайда да!" - деп өлеңдете жүріп, көп шаруаны тиянақты тындырып тастады. Басқа да мекемелер мен ауылдарда бұл шара жалғасын таппақ.
Шынар КЕНДІН,
Сурет автордікі