• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 14 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Жол ақысы неге көтеріледі?   

    [ 2019 ] 13 қараша, 05:59  |  Жаңалықтар

    Ақтау қалалық әкімдігінде қалалық тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев пен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Құбашев 2019 жылдың 9 айы бойынша қорытындысы бойынша журналистермен брифинг өткізді. Қ.Ақыбаев келтірген мәліметке сүйенсек, қаланың әр тұрғыны жылына шамамен 300 кг тұрмыстық қатты қалдықтар шығарады екен. Оның ішінде 75% тамақ қалдықтары, шыны, қағаз бен картон. Биыл тазалықты қамтамасыз ету жұмысына «Тазалық» МКК-мен 439 миллион теңгеге келісім-шарт жасақталды. Қоқыс қабылдау полигонына ай сайын 2400 м3 жуық қоқыс шығарылады. Қала аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтардың 85% «Каспий Оперейтинг» ЖШС тазалайды. Алайда, тұрғындардың өздері тұратын қаланың тазалығы үшін жауапсыздығы, пәтерлерін жөндеуден өткізгеннен кейінгі құрылыс материалдары қалдықтарын контейнерлердің маңына үйіп тастауы жұмысты қиындатып, қаланың көркін де бұзып тұратынын жасырып қайтеміз. Сонымен қатар қалада қоқыс жинайтын 11 мекеме бар. Олардың көпшілігі заңды тұлғалармен жұмыс жасайды. Биыл жаңа жылдық безендіруге 37 миллион теңге қарастырылған. Оны «Керуен Фараб Трейд» ЖШС 21053 900,0 теңгеге ұтып алды. Ал өткен жылы бұл мақсатқа қаражат бөлінбепті. Сатып алынатын жаңа шырша қаланың көрнекті ғимараттарының бірі—Ассамблея үйінің алдында, ал ескі екі шырша қалалық әкімдік алдында және теңіз жағасында орнатылмақ. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ақтаудың жолаушылар тасымалдау автобустарын жаңарту жұмыстары жоспарланып жатқанын жеткізді. 2020 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанда жасалған, заманауй үлгідегі 18 автобус алынбақ. Бұл жаңа қоғамдық көліктер №2 және №3 бағыттары бойынша қатынайды. Бүгінде Ақтау қаласында қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысы 50 теңге. Ж.Құбашевтың айтуынша, бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіш. - Алдағы жылы жаңа автобустар сатып алынғаннан кейін жол ақысын 80 теңгеге көтеру мәселелерін қарастырамыз, - деді ол. - Бірақ жол ақысын көтерместен бұрын бұл мәселеге байланысты қоғамдық тыңдау өткізіп, қоғамдық кеңеске және мәслихатқа ұсынылады. Жол ақысы қолдау тапқан жағдайда ғана көтеріледі. Ақтау қаласы бойынша жолаушыларды тұрақты тасымалдау қызметі бәсекелестік ортада. Қаланың жаңа шағынаудандарын қамтитын жаңа қоғамдық көліктерді іске қосу мақсатында бірнеше рет конкурс жарияланған болатын, алайда ешқандай тасымалдаушы мекемелер қатыспағандықтан конкурс өтпеді деп танылды. Сондықтан тасымалдаушы мекемелерге мемлекет қолдау көрсетіп, жеңілдетілген несиемен жаңа автобус алуға көмек көрсетеді. Бүгінгі күні Ақтау қаласында қоғамдық көліктерде жолаушылар 12 категория бойынша тегін жүреді. Олар:
    • Ұлы Отан соғысы ардагерлері және мүгедектері;
    • Тыл ардагерлері;
    • Мүгедектер (1-топ, 2-топ);
    • 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
    • Бала жастан 1-ші және 2-ші топ мүгедектер;
    • Ұлы Отан соғысында қайтыс болған ардагерлердің жесірлері;
    • Чернобль атом станциясы апатының мүгедектері;
    • «Алтын алқа» және «Күміс алқа»-мен марапаталған батыр аналар;
    • Ақтау қаласының құрметті азаматтары;
    • 7 жасқа дейінгі балаларға тегін;
    • 7 жас пен 15 жас аралығындағы балаларға 50% жеңілдік;
    • Көп балалы аналар.
    • Ақтау қаласы бойынша жалпы саны 70-ке жуық автобус қызмет атқарады. Олардың 20-ға жуығы «Дэу», «Хуюндай» ал қалғандары «Паз» автобустары. Сонымен қатар Ақтау қаласына Мұнайлы ауданынан №105 маршрут Ақтау-Маңғышлақ, №103 маршрут Ақтау-Қызылтөбе, Ақтау-Қызыл төбе-2, Ақтау-Батыр, Ақтау-Баянды, Ақшұқыр ауылынан 70-ке тарта автобус қатынайды. Олардың да басым бөлігі «Паз» автобустары. Брифингке арнайы қатысқан Ақтаудың тасымалдаушы мекемелерінің бірінің басшысы Н.Айғарақов жолақы 50 теңгеге көтерілген соң көп ұзамай АҚШ долларының құны да тез шарықтай өсіп кеткендіктен автобустарды күтіп ұстау, жалақы төлеу сияқты толып жатқан шығындардың да ақысы артып кеткенін алға тартты. Автобустарға қажетті қосалқы бөлшектердің де бағасы аспандап кеткендіктен қазіргі жол ақысымен тасымалдаушы мекемелер банкротқа ұшырағалы тұр. Сондай-ақ қоғамдық көліктерге тегін мінетін азаматтар да шығынға ұшыратуда. Мысалы, көп балалы аналар қалада аз емес. Олар үшін мемлекеттен бөлінетін қаржы бір адамның белгілі бір жерге бару және келуі үшін, яғни, екі жағына ғана есептелген. Алайда мұндай жеңілдікті пайдаланатындар автобусқа бір күнде бір емес, бірнеше рет мініп-түсіп жүретіні жасырын емес. Бұлар мекемеге қып-қызыл шығын әкеледі. Ал соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің, тыл ардагерлері мен соғыста қайтыс болған ардагерлер жесірлерінің автобусқа мінетіндері бар ма? Міне, осы секілді күрмеуі күрделі мәселелер таяуда түбегейлі қарастырылып, шешімін табу міндеті алда тұр.

        Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

      847
      Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
      жаңалықтар қоғам маңғыстау жаңалықтары анонс
      Image placeholder

      Маңғыстау Медиа

      Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

      Алдыңғы жаңалық

      Ақтауда "Ана - әлемнің шамшырағы" атты тренинг өтті

      Келесі жаңалық

      Серікбай Трұмов Терджан Танселмен кездесті

      Пікірлер


        Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
        Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2667

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4433

      Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы еріктілерді іздейді

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 09:23
      2476

      2020 жылдан бастап Минск - Ақтау әуе рейсі іске қосылады

      [ 2019 ] 3 желтоқсан, 10:32
      1970

      Ел шебін күзету-ерекше міндет (ФОТО)

      [ 2017 ] 21 шілде, 06:02
      3152

      Ақтауда тұрудың 10 ерекшелігі

      [ 2017 ] 17 шілде, 03:54
      5497

      Рубрикалар

        Аудан тынысыМәдениетАшық қоғамРедакцияМаңғыстауСұхбатДенсаулық

      Автордың басқа да жазбалары

      Сауат ашу курсын аяқтаған қыз-келіншектер сынақтан өтті  

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 11:06
      2371

      Жат ағым жетегінде болғандар сырымен бөлісті

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 09:17
      2508

      МӘМС жайында не білеміз?

      [ 2019 ] 15 желтоқсан, 03:30
      2918

      АИТВ-ның алдын алуға болады

      [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
      2728

      Маңғыстауда діни ахуалды жақсарта түсу жолдары талқыланды

      [ 2019 ] 13 желтоқсан, 11:54
      2308

      Ақтаулық шешен жігіті марапатталды

      [ 2019 ] 12 желтоқсан, 12:05
      2928

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»