Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезі жұмысын бастады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жиынды ашып, съезге Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отырғанын айтып өтті. "Бүгін біз съезд барысында 20 жылдағы партияның дамуын қорытындылап, мақсаттарымызды мақсаттарымызды айқындайтын боламыз. Бүгінгі отырысқа 179 делегат қатысып отыр. 21 делегат қатысқан жоқ. Партияның ресми съезі ашық деп жариялаймыз", - деді ол. Президент Нұрсұлтан Назарбаев сьезд делегаттары мен қонақтары партияның 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, Қазақстанның жетістіктеріне тоқталды. Съезд барысында қаралатын төрт мәселе қаралмақ. Оның алғашқысы партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау болса, екіншісі партияның құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Сонымен қатар саяси құрамның жұмысына баға беріп, орталық комиссияның жұмысымен танысады. Сьезд соңында саяси кеңес пен орталық бақылау комиссиясының жаңа құрамын бекітіледі.