10-12 желтоқсан күндері самбо күресінен 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында IV Халықаралық турнир өтті. Сайыстан маңғыстаулық спортшылар 3 алтын, 2 күміс, 1 қола еншіледі. Бұл жөнінде «Жас батыр» спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов мәлімдеді.
Атырау қаласында өткізілген жарыс ҚР Еңбегі сіңірген жаттықтырушы, Халықаралық дәрежедегі төреші Қошқарбай Табынбаевты еске алуға арналды.
Халықаралық турнирге еліміздің 3 ірі қаласы, 14 облысынан және Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Ресейден қатысушылар келді. Ал Маңғыстау намысын 15 самбошы қорғады.
Сайыс нәтижесінде Сәндібекұлы Елжан (32 келі), Нәдірбай Ернар 38 келі), Сайлаубаев Айбек (54 келі) алтын жүлдеге қол жеткізді.
Аманқос Еркебұлан (38 келі) мен Жұбатқан Нұрсұлтан (50 келі) күміс, Сұлтанбек Абылайхан (54 келі) қола қанжығалады.
Жеңімпаздарды сайысқа баптаған жаттықтырушылары – Берік Жұмағалиев, Айбек Бисекенов және Жыңғылды ауылындағы спорт мектебінің бапкері Нұржан Айдынғалиев.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суреттерді ұсынған Манарбек БИСЕКЕНОВ