• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    «Түп төркінін төрге оздырған Маңғыстау» фестивалі қорытындыланды

    [ 2018 ] 22 қыркүйек, 13:17  |  Жаңалықтар

    Ақтауда осы атаумен облыстық мәдениет басқармасы, ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен Ақтау қаласының 55 жылдығына арналған этнографиялық фестиваль-конкурсы өтті.

    Шараның мақсаты – Маңғыстауға тән ұлттық рухани-мәдени құндылықтарды ілгерілету арқылы аумақтық этнобрендинг механизмін қалыптастыру. Маңғыстау жыршы-жыраулық мектебінің мол қазынасын меңгере отырып, ел арасынан дарындыларды анықтап, шығармашылық талабын ұштау.

    Фестивальге облыстың барлық аудан, қалаларынан үміткерлер қатысып, өз өнерлері мен бұйымдарын, өнімдерін ортаға салды. Олардың еңбектерін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады. Олар: облыстық мәдениет басқармасының басшысы – Пәниа Сармурзина, өлкетанушы – Алқажан Еділхан, жыршы – Жеткізген Сейтов, ақын – Рза Оңғарбай, жыршы – Ақылбек Өтешов, облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының мамандары  – Сұлтанбек Құдайбергенов, Көркем Молғалиева.

    -Мен Ақшұқыр қаласында тұрамын. Он жыл бұрын баламның денсаулығы үшін қаладан көшіп барып едім, оған өкінбеймін. Алғашында ешкі саудым, одан сиыр ұстадық. Қазір нағыз емдік қасиеті мол шұбат дайындаумен айналысамын. Негізі өзім үшін бастаған едім, қазір халыққа қажетті дүние болғандықтан сатуға шығардым. Сұраныс мол, адамдар таза өнім пайдаланғысы келеді. Құрт, балқаймақ қайнатамын. 4-5 түйе сауамын, балаларым көмектеседі, - дейді Ақшұқыр ауылының тұрғыны Алмагүл Есбергенова.

    Алмагүл мамандығы есепші болса да, оны отбасы үшін құрбан еткенін айтады. Қолөнермен де айналысып, түйе жүнінен көрпе, шапан тігеді.  Балаларымның денсаулығы үшін ауылда тұрып жатқанын жеткізген үш баланың анасы қиындық та жоқ емес дейді.

    -Қазір өріс азайып бара жатыр, су мәселесі де бар. Түйені үйде ұстаған кезде оқуға апаратын бала секілді өріске жетектеп апарып, жетектеп алып келіп жүрдім. Себебі  жолдан өткенде көлік қағып кететін. Сондықтан әуежай маңынан жер телімін алып, арнайы қора салып, көшіріп жатырмын. Болашақта мал басын көбейтіп, өнімдерді айналымға салғым келеді. Инстаграмнан «Супер шұбат» деп парақша ашып жариялағанбыз, сұраныс өте көп, - дейді шұбат дайындаушы Алмагүл Есбергенова.

    -17 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысып келеміз, 11 жыл бұрын өзіміз тұратын «Қызыләскер» ауылынан «Ақбаян» шаруа қожалығын құрдық. Содан бері түйе өнімдерін шығарып келеміз. Сұраныс Бейнеуден өте көп түседі. Аурухана алады және жеке адамдар тапсырыс береді. Шұбаттың этикеткасы жапсырылған арнайы ыдысын алдырып, оған таза өз өнімімізді құйып ұсынамыз, - дейді фестивальге Бейнеу ауданы Сам ауылынан келген қатысушы Ақмарал Жұматова.

    Этнографиялық конкурсқа Маңғыстау ауданы Тұщыбек ауылынан бүркітші Айшуақ Тайманұлы да арнайы келіпті.

    -Бүркіт баптаумен айналысқаныма 3 жыл болып қалды. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» деп айтқанындай, бұл да жаңғырудың бір түрі. Бүркіт, сұңқар, қаршығам және екі тазым бар. Маңғыстаудың жергілікті құстары. Адамның ниетіне байланысты, ден қойып кіріссе, 2-3 айда қолға үйренеді. Қараша айында аңға салу уақыты басталады. Наурыз, сәуір айларында күлекке отырғызамыз. Аяғындағы балақ бауы, томағасы шешіліп, арнайы торға салынады. Суын, етін береміз. Бұлар тұз тимеген таза етпен қоректенеді, - дейді құс баптаушы.

    Фестиваль қорытындысында «Батамен ел көгерер» батагөй ақсақалдар аталымы бойынша Маңғыстау ауданынан келген Байпақов Шаймұрза 1 орын иеленді. 2 орынды Қаратоқашев Дурды (Мұнайлы ауданы), 3 орынды Абдуллаев Терекбай (Қарақия ауданы) еншіледі.

    "Этникалық музыка жыршы-термешілер" аталымы бойынша 1 орын Баймағамбетов Әзімханға (Түпқараған ауданы) бұйырды. 2 орынды Темірханов Серік (Қарақия ауданы), 3 орынды Селбаев Орынжан (Мұнайлы ауданы) иеленді.

    «Шұбат-FEST» шұбат дайындаушылар сайысында Есбергенова Алмагүл (Түпқараған ауданы) жеңімпаз атанды. Ал 2 орын бейнеулік Жұматова Ақмарал мен жаңаөзендік Бермағанбетова Баршагүлге бұйырды. 3 орынды Мұнайлы ауданынан келген Усманов Тәңірберген, қарақиялық Қожахметова Алтынгүл, маңғыстаулық Аққұлов Бексұлтан өзара бөлісті.

    «Киіз үй» аталымы бойынша жеңісті түпқарағандық Орынбасарова Медина иеленді. Жүсіпова Қалекеш (Ақтау қаласы) – 2 орынға, Аяпов Жеткізген (Бейнеу ауданы) мен Қалдаманов Исенбай (Жаңаөзен қаласы) – 3 орынға ие болды.

    «Қазақтың дәстүрлі қолөнері» сайысында «Зергерлік , ағаш, метал бұйымдары» аталымы бойынша  1 орынды Иманов Болатбек (Маңғыстау ауданы),  2 орынды – Қайрбаев Ерсайын (Мұнайлы ауданы), 3 орынды – Нұрғалиев Дүйсенбай (Жаңаөзен қаласы) қанжығалады.

    «Тері, жүн» аталымында Тасмағанбетов Аманжол (Қарақия ауданы) – 1 орын, Жұмашев Шапағат – 2 орын, Айсақызы Сәнтөре (Маңғыстау ауданы), Қарымсақова Ақшагүл (Қарақия ауданы), Қожахметова Қырмызы (Қарақия ауданы) -  3 орын иеленді.

    Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="61624,61625,61626,61627,61629,61631,61632,61633,61634,61635,61636"]
    2928
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар мәдениет фото маңғыстау жаңалықтары анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтаудағы аламан бәйгеде бейнеулік сәйгүлік топ жарды

    Келесі жаңалық

    15 адамға "Ақтау қаласына 55 жыл" төсбелгісі табысталды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Түп төркінін төрге оздырған Маңғыстау» фестивалі қорытындыланды

      [ 2018 ] 22 қыркүйек, 13:17
      2929

      Ақтауда халықаралық театр фестивалі ашылды (ФОТО)

      [ 2017 ] 24 тамыз, 13:34
      2362

      Этноауылда той-думан (ФОТО)

      [ 2017 ] 17 тамыз, 10:32
      3365

      Маңғыстаулық зергер ЭКСПО-ға дайындалуда (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 16 наурыз, 15:16
      1654

      Қазақстан — жалғыз ұлы қазақтың (ФОТО)

      [ 2017 ] 2 наурыз, 11:49
      1644

      Ақтау жұртшылығы Наурыз мерекесін жағалауда атап өтті (ФОТО)

      [ 2017 ] 24 наурыз, 09:24
      1314

      Рубрикалар

        ЭкономикаСаясатРедакцияАшық қоғамАудан тынысыТағайындауХабарландыруРедакция ұжымыҚазақстан жаңалықтарыБіле жүріңіз

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстаулық дзюдошылар республикалық турнирде 13 алтын алды

      [ 2019 ] 20 наурыз, 19:37
      1917

      Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

      [ 2019 ] 20 наурыз, 12:20
      1840

      Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
      2284

      Ақтауда дзюдодан "Иса-Досан" жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

      [ 2019 ] 19 наурыз, 12:01
      2085

      Ғарышты зерттеп жүрген ақтаулық оқушы зымыранның ұшу сәтін тамашалады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 10:23
      2615

      Мемқызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

      [ 2019 ] 18 наурыз, 07:01
      2153

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»