©
Мерекеге орай теңіз жағасында жастарға арналған «Асық Party», «Бауырсақ Party», «Шұбат Party» ұйымдастырылып, «Жыр ғұмыр» атты жыршы-термешілердің қалалық байқауы өтті. Дәстүрлі түрде үшінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа 10 өнерпаз қатысып, бақтарын сынады.
Қазылар алқасының шешімімен жарыстың бас жүлдесін Ақтау қаласының тұрғыны Орынжан Селбаев иеленді. Бірінші орынды Ақтау қаласының тұрғыны Манаш Әділбаев қанжығалады. Екінші орын Өнер колледжінің студенттері Жансая Өтелгенова мен Әйгерім Бекназароваға бұйырды. Үшінші орыннан қала тұрғыны Бейбіт Қабисатов мен Өнер коллеждінің студенті Ақмарал Омар көрінді.
Сондай-ақ, кешкісін шаһар халқы республикаға белгілі әншілер Ақылбек Жеменей мен Ғаділбек Жаңайдың концертін тамашалады. Мереке соңы от шашумен аяқталды.
Венера МИРЛАН Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН