• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Ақтауда халықаралық театр фестивалі ашылды (ФОТО)

    [ 2017 ] 24 тамыз, 13:34  |  Жаңалықтар

    Фестиваль «Қазақстанның Еңбек Ері», КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына орайластырылып отыр. Бүгін Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында Каспий жағалауы  елдерінің  I халықаралық театр фестивалінің ашылу рәсімі өтті.

    Шараның мақсаты - Каспий жағалауы елдерінің театр өнері саласындағы ынтымақтастығын күшейту мен мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығаюына үлес қосу.

    Фестивальге қатысуға Каспий жағалауы және түркі тілдес елдердің  кәсіби драма және музыкалық-драма театрлары шақырылды. Әр елден классикалық немесе ұлттық репертуарлық қойылымымен бір театр ұжымы ұсынылады.

    Мәдени шараға жиналған қауым театр фойесінде актердің өмірі мен өнерінен сыр шертетін көрмені тамашалауға да мүмкіндік алды.

    Халықаралық өнер фестиваліне Ресей, Әзірбайжан, Иран және Қазақстан театрлары қатысқалы отыр. Олар: «Ноғай Мемлекеттік драма театры» мемлекеттік бюджеттік мекемесі (Ресей, Дағыстан Республикасы, Ноғай ауданы); М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры (Қазақстан, Алматы қ.); ЙУГ Мемлекеттік театры (Әзірбайжан, Баку қ.); Астрахан облыстық «Астрахан драма театры» мемлекеттік автономиялық мәдениет мекемесі (Россия, Астрахан қ.); Айна театр тобы (Иран, Табриз қ.); Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры (Қазақстан, Ақтау қ.).

    Фестиваль аясында  қойылымдар тегін көрсетіледі.

    -Барлығыңызды бүгінгі ұлы мейраммен құттықтаймын. Театр әр уақытта халықтыкі, барлық қызметіміз сіздер үшін. Өнер адамдарына шабыт беретін сіздердің ыстық ықыластарыңыз, бізге деген көңілдеріңіз бен ниеттеріңіз. Бұл – кейінгі тарихта алтын әріппен жазылатын дүниелердің бірі. Біздің дарынды, талантты халық, дарынды ұл-қыздарды туғызбай қоймайды. Сондай ұрпақ көбейсін, келешегіміз кеңейсін, қуаныштарыңыз мол болсын. Сіздерге үлкен  ілтипатпен басымды иемін, - деп  халыққа құрметін білдірді Асанәлі Әшімов.

    Ашылу рәсіміне өнер саңлағы Асанәлі Әшімовтің отбасы, дос-жаран, әріптестері мен ізбасарлары да келді. Сондай-ақ, фестивальге қатысушы театрлар, бірқатар өнер майталмандары, қала тұрғындары жиналды.

    Тағы оқыңыздар: Фестиваль аясында баспасөз мәслихаты өтті -Біз жас кезімізде Асанәлі ағаның туындыларымен өстік, санамызды қалыптастырдық. Асанәлі аға – қазақтың маңдайына біткен дара жұлдызы. Алты мемлекеттің өнер майталмандары қатысып отырған бүгінгі фестиваль – ерекше фестиваль. Өйткені 80 жылын тойлағандар көп, бірақ осылай бүкіл ел, бірнеше мемлекет жиналып тойлағандары некен-саяқ. Тойыңыз құтты болсын! – деп облыс басшысы Ералы Тоғжанов ақ тілегін білдірді.

    Каспий жағалауы елдерінің I халықаралық театр фестивалінде  театр және кино режиссері, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов, Түркия Мәдениет және Туризм министрлігі Мемлекеттік театрлары бас директорының орынбасары, режиссер және актер Эрдал Кючюккемюрчю (Анкара, Түркия), театр сыншысы, блогер, Грузия заманауи театрларды зерттеу орталығының бас директоры Лаша Чхартишвили, профессор, халықаралық театр сыншылары ассоциациясының мүшесі Исрафил Исрафилов (Баку, Әзірбайжан), режиссер, профессор, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері Есмұхан Обаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері, продюсер Азамат Сатыбалды әділ қазылық етеді.

    Фестиваль 24-28 тамыз аралығында өтеді. Осы күндері көрермен қатысушы театрлардың туындыларын тамашалай алады.

    Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

    [gallery ids="33600,33599,33602,33601"]

    2119
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар мәдениет фото маңғыстау жаңалықтары анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстау облысында индустриалды парк іске қосылды (ФОТО, ВИДЕО)

    Келесі жаңалық

    Фестиваль аясында баспасөз мәслихаты өтті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Түп төркінін төрге оздырған Маңғыстау» фестивалі қорытындыланды

      [ 2018 ] 22 қыркүйек, 13:17
      2680

      Ақтауда халықаралық театр фестивалі ашылды (ФОТО)

      [ 2017 ] 24 тамыз, 13:34
      2120

      Этноауылда той-думан (ФОТО)

      [ 2017 ] 17 тамыз, 10:32
      3120

      Маңғыстаулық зергер ЭКСПО-ға дайындалуда (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 16 наурыз, 15:16
      1590

      Қазақстан — жалғыз ұлы қазақтың (ФОТО)

      [ 2017 ] 2 наурыз, 11:49
      1573

      Ақтау жұртшылығы Наурыз мерекесін жағалауда атап өтті (ФОТО)

      [ 2017 ] 24 наурыз, 09:24
      1246

      Рубрикалар

        Редакция ұжымыСараптамаФотоКомплаенсМаңғыстау жаңалықтарыАшық қоғамТүпқарағанРедакцияЖарнамаРухани жаңғыруТағайындау

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстаулық дзюдошылар республикалық турнирде 13 алтын алды

      [ 2019 ] 20 наурыз, 19:37
      1842

      Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

      [ 2019 ] 20 наурыз, 12:20
      1760

      Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
      2207

      Ақтауда дзюдодан "Иса-Досан" жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

      [ 2019 ] 19 наурыз, 12:01
      2009

      Ғарышты зерттеп жүрген ақтаулық оқушы зымыранның ұшу сәтін тамашалады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 10:23
      2537

      Мемқызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

      [ 2019 ] 18 наурыз, 07:01
      2072

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»