Осыған орай «Атамекен» ӨКП ғимаратында баспасөз жиыны өтті. Жиында Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Есалханұлы мен облыстық индустриалық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрбек Қарасаев аталмыш парктың жұмысымен таныстырды.
«Маңғыстау» индустриалды паркі бұрынғы «Ақтау пластикалық зауыты» орнында көлемі 189 га жерді алып жатқан аумақта орналасқан. Парк аумағы кеңселермен және инфрақұрылымдармен толық жабдықталған:Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Есалханұлы
Брифингтен соң «Маңғыстау» индустриалды паркінің жұмысын етене таныстыру үшін БАҚ өңілдеріне арналған пресс-сапар ұйымдастырылды. Онда біз аймақтағы іске қосылып, жұмыс істеп жатқан өндіріс орындарын аралау мүмкіндігіне ие болдық.
https://youtu.be/KYHIlGw-m8w?list=PLGSGM9pf1rYmfVhHHr..«АЗПМ» ЖШС инженер-кеңесшісі Виктор Песчанников өндіріс иелеріне жалға берілетін ғимаратты таныстырды.
«Zhamal AI LTD» ЖШС-на қарасты «WEST DÉCOR» мекемесінің өнімдеріне де бүгінгі таңда сұраныс жоғары екенін ондағы жұмыс қарқынынан аңғаруға болады.
https://www.youtube.com/watch?v=qKSQP2Cf0rA&feature=youtu.be&list=PLGSGM9pf1rYmfVhHHraeHDM2aC_oYll6k-Мен негізінен тапсырыстарды орындаймын. Оюлар, әріптер, үйдің безендіруіне арналған материалдар алғаш осы жерден өтеді. Өлшемдері беріліп, пішіндері кесіледі. Содан соң сыртын бояуға жіберіледі. Жалпы бұл пенопластан дайындалған өнімдер үйдің төбесіне, қабырғасын қаптауға, терезелерге т.б.арналады. Бізде жылытқыш панельдер бар, қабырғаның сырты сонымен қапталады, содан соң осы декорациялық бұйымдар жасалады.Тапсырыс мекемелерден, жергілікті тұрғындардан түседі. Пенапласты жергілікті өндірушілерден аламыз, - дейді «WEST DÉCOR» мекемесінің инженері Қуаныш Ағлепесов.
Ал мұнда «Ақтау Ойл Маш» ЖШС өнімдері өндіріледі. Олар сэндвич-панельден жинап, қайта құрастыруға өте ыңғайлы контейнерлер дайындайды. Сэндвич-панель – үш қабаттан: екі жағы қатты, ортасы жылы әрі жұмсақ қабаттан тұратын құрылыс материалы. Ол үй ішін жылы ұстауға септігін тигізеді.
-Бізге түскен тапсырыс көлемі бойынша жұмыс істейміз. Мәселен, тапсырыс беруші мұндай үйлерді қанша көлемде сұрайды, соны қанағаттандырамыз. Біз көбіне «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на дайындап, жібереміз. Сэндвич-панельдерді «Металл Профиль» компаниясынан аламыз, - дейді «Ақтау Ойл Маш» ЖШС басшысының міндетін атқарушы Таңғұлов Нығмет.
«Маңғыстау» индустриалды аумағында алдағы уақытта тағы бірнеше өндіріс орындары өз жұмысын бастайтын болады.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА