Таяуда Мұнайлы ауданында елді-мекендер аумақтарында көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке ауданға қарасты мекеме-кәсіпорын қызметкерлері және «Маңғыстау Жылу» мекемесі, «Алтынқұрық», «Технотрейдинг», «Шеберқұрылыс», «БекАқтауГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «МКДСМ» акционерлік қоғамы жұмылдырылды.
Денсаулық сақтау, білім беру және басқа да мекемелерде санитарлық тазалау жұмыстары жандандырылып, жерлер қопсытылып, көшеттер отырғызылып, талдардың түптері ақталды. Тазалық жұмыстарын жүргізуге аудан бойынша барлық ауылдарға 18 техника бөлініп, сенбілік жұмыстары үлкен қарқынмен басталды.
Аудан орталығы Маңғыстау ауылындағы «Жеңіс» саябағында аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері, тазалық жұмыстарын жүргізіп, жерді қопсытып, тал отырғызды.
Тазалық айлығының алғашқы күнінде Маңғыстау ауылынан 75 тонна қоқыс алынып, 1000 тал отырғызылса, Баянды ауылынан 100 тонна, Қызылтөбе ауылдық округінен 30 тонна қажетсіз қалдықтар шығарылды.
Дәулет ауылдық округі 50 тонна тұрмыс қалдығынан тазартылып, 50 түп ағаш егілді.
Басқұдық ауылдық округінде 250 тонна қоқыс алынып, 100 түп тал отырғызды. Атамекен, Батыр ауылдық округтерінде 100 тонна қоқым алынып, 100 түп көшет отырғызылды.
Көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде барлығы 1250 түп ағаш егіліп, 705 тонна қоқыстан аудан аумағы тазартылды. Сәуір айында ауданды көгалдандыру, тазалық жұмыстары толық жалғасын табатын болады.
Г. Тасболатова