Тараз қаласында 16-20 наурыз аралығында қылыштасу және каратэ-додан ашық республикалық турнир өтті.
Қазақстанның түкпір-түкірінен және Қырғыз елінен барлығы 500 спортшы қатысқан шаршы алаңда 30 мұнайлылық жасөспірім өнер көрсетіп, 3 алтынды қанжығасына байлады.
8-9 жас аралығындағы жасөспірімдер өнер көрсеткен топта +30 келі салмақпен Ерлан Ердәулет алғашқы алтынды алса, Дәулет ауылындағы спорт мектебінің шәкірті Азат Ягмур 10-11 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында топ жарып екінші алтынды жеңіп алды. 14-15 жастағы жастар арасында өткен жарыста 63 келі салмақта Сүндет Қожаев қарсыласынан басым түсіп, үшінші алтынды алып Мұнайлы ауданының қанжығасын майлады.
Бердібек Аныс пен Асқар Сарыбалаев күмісті жүлдені иеленсе, Ринатбек Тәңірберген мен Қыдырбек Тәңірберген қола медальді місе тұтты.