«Маңғыстау Арена» спорт кешенінде 10-13 тамыз аралығында көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтті. Маңғыстауда алғаш рет өткізіліп отырған жарысқа Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен және Қазақстанның түкпір-түкпірінен 240 спортшы қатысты. Ал, Мұнайлы ауданынан 12 гимнасшы бақ сынап, 2 алтын, 2 күміс, 5 қола медальды иеленді. Әдемі қимылмен өнер көрсетіп, 2009 жылы туған гимнасшылар арасында көпшілік көңілінен шыққан Аружан Қуанбаева, Қарлығаш Каримхан, Жанель Әбдіхалықова, Диана Оразбай және бес жасар Мерей Бақытова ІІІ орынды қанағат тұтты.
Тағы оқыңыздар: Азия чемпионатынан күміс жүлде Мұнайлылық гимнасшылар топ болып би билеп, қоржынын күміс жүлдемен толықтырса, Сабина Қосымбетова 2008 жылы туған жасөспірімдер арасында шеберлік танытып, Ресейлік гимнасшыдан кейінгі ІІ орынды қанжығалады. Үлкен байқауда үздік өнерімен талайлардың таңдайын қақтырған Жансая Жанбуршина мен Ұлжан Абдрахман алтын медальды жеңіп алды. Мұнайлылық өнерпаздар жарысқа жоғары дәрежеде дайындаған ұстаздары Бибігүл Ерназарова мен хореограф Гүлжадыра Пірназароваға алғыстарын білдірді.