2017-2018 жылдарға арналған жылу науқаны толық іске қосылды. Бұрын соңды МАЭК-тен алынатын жылу мен ыстық су біржолға тоқтатылып, Мұнайлы ауданына қажетті жылуды дербес жылу қазандықтары арқылы жеткізетін болады.
2016 жылы желтоқсан айына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Маңғыстау ауылына 10 дербес жылу қазандығы орнатылды. Бірнеше жыл бойы МАЭК мекемесінен 20 шақырымнан аса жерді шарлап, құбыр арқылы жететін жылудың жартысына дерлік далаға кететін. Себебі, құбырлар қапталмаған, тозығы да жеткен. МАЭК-тен 90 градуспен жіберген жылу деңгейі азайып, ауданға жеткенше жылу қысымы 55-60-қа дейін түседі екен. Енді үй жанында орнатылған дербес жылу қазандықтары арқылы далаға жылу қызуын шашпай тұрғын үйлер мен мекемелерге тез жеткізу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Аудан тұрғындарының көпшілігі ыстық судың тоқтағанына да қапалы. Осы жәйға «Маңғыстау жылу» мекемесінің басшысы Бекбол Қазақбаев: «Иә, халық бірнеше жыл ыстық судың үйге келгеніне үйреніп қалған. Алайда, орнатылған дербес жылу қандықтарында су ысыту қарастырылмаған. Тұрғындар үйлеріне су ысытатын аппарат («Аристон») орнату арқылы суды ысытуға болады. «Токтың қымбат шағында неге бұлай?» деген сөздер туындауы да мүмкін. МАЭК-тен алып келген ыссы судың 1 кубы 166,02 теңге болды. Ал «Аристон» арқылы 1 куб суды ысыту үшін 31 теңгеге тоқ жұмсайтыны есептелді. Оған 30 теңге ауыз судың ақысын қосқанда барлығы 61 теңге болады. Сондықтан бұл тұрғындар үшін тиімсіз деген сөз емес. Керсінше әр куб судан 105,02 теңге үнемдеп отыр»,-деп басымды жауап қатты.
«Маңғыстау жылу» мекемесіне деген тұрғындардың наразылығы азаймай келеді. Үй ішінде, жертөледе жылу құбырлары жарылған жағдайда аталған мекемені шақырып жатады. Бірақ бұл мекеменің басты міндеті үйге дейін жылуды жеткізу. Ал, тұрғындардың өтінішін жерге тастамай кейбір су сорғызу, құбырларын дәнекерлеп, ауыстыру жұмыстарын жасап келеді. Әрбір үйдің пәтер иелері бірлесіп, тұрғын үй кооперативті мекемелерімен келісім шартқа тұруы керек. Болмаса, өздері бірлесіп құбыр ауыстыру, орнату жұмыстарын жүргізуі шарт», - деп, Б.Қазақбаев тұрғындардың түсініспеушілігін тілге тиек етті.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңына сәйкес, тұрғын үйлер толықтай жекеге ауыстырылды. Ал, аудан тұрғындары осы Заңның шыққанына біраз уақыт болса да үйреншікті әдетінен айығар емес. Енді аудан тұрғындарын кооперативті мекемемен жұмыс жасауға шақыра келе, бірнеше үйлермен келісім шарт орнатып солармен жұмыс жасап отырған «Жылу су-сервис» ЖШС-нің бар екендігін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
Гүлнара ТАСБОЛАТОВА