• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Маңғыстау ауданында атқарылған іс аз емес

    [ 2018 ] 15 ақпан, 14:19  |  Қоғам

    ©

    Апта басталысымен Маңғыстау ауданы әкімі Ж.Айтуаровтың халық алдындағы есепті кездесуі Онды ауылында жалғасын тапты. Мәдениет үйіне Маңғыстау ауданы әкімі Ж.Айтуаров пен Онды ауылының әкімі Б.Балапанның жыл бойына жасаған жұмыстарының нәтижесін естіп, атқарылған қызметтері мен алдағы жоспарларынан хабардар болуы үшін ауыл тұрғындары жиналды. Алдымен Онды ауылының әкімі Б.Балапан баяндама жасады.

    Өткен 2017 жыл ауылымыз үшін жақ­сы жылдардың бірі болды. Елбасы Н.Назарбаевтың өзіндік жаңалықтары мен жаңа идеялары еліміздің өсіп-­өркендеуіне негіз болар жыл сайынғы дәстүрлі Жолда­уы – «Төртінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін» айтып қана қоймай, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті. Бұл рет­те алға қойған мақсаттарға жету үшін бірлесе қызмет атқаруымыз маңызды.

    Ауылымызда Елбасы Жолдауларын, тап­сырмаларын, Қазақстан Республикасы Кон­ституциясы, Қазақстан Республикасы Үкіметі және өзінен жоғары тұрған басқа да атқарушы уәкілетті органдар заңдары мен шешімдері негізінде және рухани жаңғыру бағдарламасы аясында біршама жұмыстар атқарылды.

    Онды ауылдық округі аумағына Онды ауы­лы және Бекі, Басқұдық елді мекендері кіреді. Ауылдың 240 отбасында 1573  халық  бар.

    Оның ішінде 321 оқушы, 142 зейнеткер, 257 мектепке дейінгі балалар. Онды орта мек­тебінде 245 бала оқиды. 2017 жылы мектеп бітіретін түлектердің ҰБТ қорытындысының орта балы 70,2 пайызды құрады. Шекті мөлшерден төмен балл алған оқушылар болған жоқ. Мектеп бітіруші түлектердің бар­лығы да жоғары, арнайы орта оқу орында­рына түсіп, білім алып жатыр. 2017 жылғы мектеп бітірген он екі түлектің арасында алты түлек білім грантын жеңіп алды. Ал Бекі бастауыш мектебінде 31 бала білім алуда. Кешегі 2-­тоқсанды 100 пайыз үлгеріммен, 71,4 пайыз сапамен аяқтады. 1­-сынып балалары тегін тамақпен қамтылған.

    Онды ауылы тұрғындарына бүгінде бір мәдениет үйі қызмет көрсетіп тұр. Ауыл жастарын қолдау мақсатында ауылда үне­мі спорттық сайыстар өтіп тұрады. Сайыс жеңімпаздарын демеушілер көмегімен қар­жылай марапаттау жолға қойылған. Жас­тардың спортпен шұғылдануына қолдау көрсетіп, «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы 1 млн. теңгеге жабық спорт кешенінің ЖСҚ жасақтап берді.

    Ана мен бала денсаулығын қорғау және тұрақты қадағалау бағытында бірқатар жұ­мыстар жасалды. Өткен жылы ауылда өмірге 33 бала келді. Егу жұмыстары 100 пайыз жүргізілді. 2017 жылы 4256 адам қабылдауда болып, 216 адам күндізгі бөлімде ем алды. 2017 жылы ана мен бала өлімі болған жоқ.

    Ауылда 24 жеке кәсіпкер жұмыс жасайды. Олар 14 адамды жұмыспен қамтып отыр.

    30 шаруа қожалығы жұмыс жасап, шаруа қожалықтары 52 адамды жұмыспен қамтып отыр. Барлығы да мал өсірумен айналыса­ды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол­дау қорынан» ауыл тұрғыны Қарақұлшықов Құрманғазы жылқы өсіру үшін 3 млн. теңге, Әбілдікова Қарлығаш түйе өсіру үшін 1 млн. 500 мың теңге және «Атамекен» микроқаржы ұйымынан Нұртаңатұлы Ғабиден мен Шынар­беков Ермұхан жылқы өсіруге 8 млн. теңге не­сие алып, шаруашылықтарын жүргізіп отыр.

    «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бо­йынша 2 млн. теңгеге Онды ауылындағы жинақталған 3,5 мың тонна күл­-қоқыстар шығарылды. Елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыруға байланысты жаңадан 250 м. шарбақ орнатылып, ішіне 70 түп ағаш егіл­ді. Ауылішілік жер асты орта қысымдағы пластикалық газ құбыры тартылды. Шыны талшықты телефон желісін тарту жұмыс­тары аяқталды. 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында беріледі деп күтілуде. «Онды орта мектебіне заңғар жазушы, жерлесіміз, марқұм Ә.Кекілбайұлының атағын беру құжаттары облыста қорғалып, республикаға жолданды» деп, өз баяндамасында ауыл­ да атқарылған қызметтерді толық тізбек­теген ауыл әкімінен кейін мінберге Маңғыстау ауданы әкімі Ж.Айтуаров көтеріліп, ауыл халқын аудан көлемінде атқарылған жұмыс бары­сымен толыққанды таныстырып өтті. Алда атқарылатын жұмыстарды тыс қалдырма­ған Маңғыстау ауданы әкімінің баяндамасына да, ауыл әкімінің атқарған шаруаларына оң бағасын берген ауыл тұрғындары көкейлеріндегі мәселелерді де жасырмады.

    Бекі ауылының тұрғыны, зейнеткер Б.Қа­рабаев Бекі ауылында алдағы уақытта мек­теп, спорт кешені салынатынына, су құбыры, интернет желісі тартылатынына қуанғанын жеткізіп, ризашылығын білдірді. Мұнан соң Онды ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қозыбақов ауылдағы орталық бақшаға жаңарту жұмыстарын жүргізілсе, оны баптап, күтетін бір адам алынса деген ұсыныстарын айтты. Ж.Қожық ауыл тұрғындары атынан ауылға спорт кешені, мешіт салынса деген пікірін айтты. Онды – Жармыш аралығындағы төте жолмен жүруге мүмкіндік жасауды да назарға ұсынды. Өзге де тұрғындар мал ін­детіне алаңдаушылық білдіретінін жеткізді.

    Тұрғындардың сұрағына тұшымды жау­ап берген Маңғыстау ауданы әкімі Ж.Айтуаровқа халық риза болды. Жиынға Қазақстан Республика­сы Президенті аппаратының бас инспекторы Қ.Абдуллаев қатысты.

    Онды ауылынан шыққан аудан активтері түс ауа Үштаған ауылына қарай бет алды. Мектептің акт залына Маңғыстау ауданы әкімінің есебін тыңдауға жиналған халықтың қарасы көп. Өткен жылы облыс әкімінің «Үздік ауыл» номинациясымен бірінші орынды жеңіп алып, 10 миллион теңгенің сертификаты­на ие болған ауылдың жақсы жаңалықтары мен алдағы міндеттері туралы тұрғындарға баяндама жасаған ауыл әкімі Ж.Молдаше­ваның, ауданның экономикалық­-әлеуметтік дамуы туралы баяндама жасаған аудан әкімі Ж.Айтуаровтың есебін тыңдағаннан соң, халық сұрақ, ұсыныстарын айтуға көшті.

    Өткен жылда жасалған жұмыс жүйесін таныстырып, халықтың көңілінен шығып жатқанын айтқан ауыл адамдары ауылға мал дәрігері және өлген малды өртейтін арнайы орынның керектігін қаперге берді.

    Маңғыстау ауданы әкімінің кезекті есебі Шайыр ауы­лында жалғасты. Шайыр ауылдық округі әкімі Б.Нұрғожаев өткен жылғы ауыл ішінде атқарылған қызметтерді баяндады.

    Шайыр ауылдық округі Маңғыстау ауданы орталығынан 37 шақырым, облыс орталығынан 120 ша­қырым қашықтықта орналасқан. Құрамына Тиген, Тасмұрын елді мекендері және де 40 шаруа қожалығы кіреді. Шайыр ауылдық округі әкімшілігінде 274 жанұяда 1817 адам есепте тұрады. Мал шаруашылығы ата-­ба­бамыздан келе жатқан үзілмеген кәсіптердің бірі, қазіргі күні де мемлекеттің өзі де ауыл шаруашылығын дамытуды қатты назарда ұстауда. Бүгінгі күні село әкімшілігінде 38 жеке шаруа қожалығы тіркелген. Жеке ша­руа қожалықтарында өндірілетін ет өнімдерін Ақтау, Жаңаөзен қалаларына және Шетпе селосындағы мал сою пунктіне өткізіп ке­леді. Сонымен қатар ауылымызда жеке аза­маттар қымыз өндірісін қолға ала бастады, алдағы уақытта қымыз өндірісін дамытпақ ойлары бар. Биылғы жылы егін егу маусы­мында 2 шаруа қожалығы 10 га жерге егін егіп, 19­20 тонна қауын-­қарбыз, қияр­-қызанақ көкөніс өнімдерін өндірді. Жеке меншіктегі малдар үшін «Талап» шаруа қожалығы жыл сайын мал азығына шөп дайындайды, шөп қолжетімді бағамен (400 тг) жеткізілуде. Ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарындағы жануарларды аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстары, эпизоотияға қарсы шаралар жүргізілуде.

    Халықтың елді мекенге қарым­қатынасын дұрыстау мақсатында Шетпе­-Шайыр жә­не Тиген, Тасмұрын бағытындағы автокө­лік жолдарын «Абат» ЖШС 3 ай сайын ор­таша жөндеуден өткізіп келеді. Сонымен қатар туризм саласын дамыту мақсатын­ да Жыңғылды­-Шайыр­-Шерқала бағытын­дағы тас жолды қайта құрылымдап, ас­фальттауға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыс басталғалы отыр. Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттық ресурстарға елдің барлық тұрғындарын ке­пілдендірілген, қолжетімділігін қамтамасыз ететін DVB-­T2 цифрлық телерадио хабар­ларын таратудың жаңа буынын дамыту жоба­сы ауылымызда іске қосылды.

    Өткен жылы «Қазтелерадио» мекемесінің жұмыстары аяқталып, 15 каналды эфир­ге шығару жұмыстары іске қосылды. Қазір Шайыр ауылы бойынша 214 тұрғын үйдің 212-­і эфирге тарату желісіне қосылған, яғни 99% қамтылған, Тиген елді мекені бойынша 23 тұрғын үйдің 22­-сі, Тасмұрын елді мекені бойынша 6 үйдің 4­-і қосылған. Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында ауылы­мызда кәсіпкерлік саласы да біршама дамып келеді. Ауылда 35 шаруа қожалығы, 4 азық­ түлік дүкені, 1 наубайхана жұмыс жасап тұр.

    «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілдері оқу семинарларын өткізіп, «Бастау­-Бизнес» жобасы бойынша семинарға ауылдың ал­ты тұрғыны қатысты. «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-­нан 6 пайызбен 1 адам наубайхана жабдықтарын алуға 3 млн. теңге қаражат алса, «Атамекен мик­роқаржылық ұйымы» ЖШС­-нен 4 пайызбен 1 адам жылқы шаруашылығын дамытуға 4 200 000 теңге несие алды.

    Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында Шайыр орта мектебіне Тұрар Жалғасбайұлының аты берілді. Ұрпақтары мектеп алдына Т.Жалғас­ байұлының ескерткішін орнатып, тарту етті. Мектепте бүгінгі таңда 339 оқушы оқиды, 43 мұғалім бар. Өткен оқу жылы Аманқосова Динара және Жұмаханқызы Нұрила мектепті «Алтын белгімен» бітірсе, Мұратова Жансая ерекше аттестатпен аяқтады. Алты оқушы мемлекеттік грантқа ие болып, мектеп аудан әкімінің арнайы сертификатына ие болды. Мектепке бюджеттен бірінші сыныптар үшін 106 мың теңгеге бір интерактивті тақта алын­ды. 500 мың теңгеге ағымдағы жеңіл жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Осылайша ауыл ішінде ел игілігі үшін атқарылып жатқан қызметтерді саралаған ауыл әкімінің сөзінен кейін Маңғыстау ауданы әкімі Ж.Айтуаров ауыл тұрғындарына аудан бо­йынша жасалған және алда атқарылатын жұмыстарды баяндады. Маңғыстау ауданы және ауыл әкімінің жұмыстарына оң бағаларын берген ауыл тұрғындары сұраққа көшті. Ауыл тұрғындарының көпшілігі мал аурына қарсы егілетін дәрі-­дәрмектер сұрап, құтырған мал бар деген сыбыстың рас, өтірігіне алаңдайтындықтарын жеткізді. Ауыл тұр­ғыны Ә.Қойлыбаев өзінің қолында ұстап отырған сиырының ауырып өлгенін, енді оның қорытындысының шығу мерзімінің ұзақтығына алаңдайтынын айтса, С.Тілегенов ауыл көшелерін жарықтандыру керектігін, өйткені ауылда белгісіз мақұлықтың бар екенін, қорадағы малдарын қырып кетіп жатқандығын тілге тиек етті. Маңғыстау ауданы әкімі Ж.Айтуаров пен аудандық ветеринариялық стансасының бастығы С.Озғанов тұрғындар сұрағына жауап берді.

    Есепті кездесу Жыңғылды ауылының әкімі И.Бошмановтың 2017 жылы атқарылған жұмыстары және 2018 жылы атқарылатын жұмыстары туралы баяндамасымен Жың­ғылды ауылында жалғасын тапты.

    Жыңғылды ауылында да Елбасы бағ­дарламалары аясында елдің әлеуметтік-­эко­номикалық жағдайын жақсарту бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді, се­лода қазіргі таңда 2829 адам тұрады, өткен жылы 100 сәби өмірге келді.

    Селолық  округте  17099  бас қой­-ешкі, 341 бас сиыр, 1292 бас жылқы, 1293 бас түйе есепте тұр. Ауыл тұрғындары егін ша­руашылығымен, мал шаруашылығымен ай­налысып отырғандықтан, өткен жылы 19 кәсіпкер 178 гектар жерге қауын­-қарбыз, бақша өнімдерін өсіріп, өндірген өнімдерін облыс тұрғындарына қолжетімді бағада ұсынды. Осы жылы егістікке пайдаланылған 178 гектар жердің 169 гектарына тамшы­лата суару әдісі қолданылды. 2017 жылы ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қо­ры арқылы 1 адам, «МаңғыстауАгросервис» ЖШС арқылы 2 шаруа қожалығы жеңілдікпен несие алған.

    «Өткен жылы ауылда ескірген электр желілері мен бағандарды ауыстыру, көше­лерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілді, ауыл ішіндегі 2 трансформатор күрделі жөндеуден, 3 трансформатор жеңіл жөн­деуден өтті. Ауылда заңдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін орын жа­салмаған, бұл – ауылдағы үлкен пробле­малардың бірі болып отыр, себебі ауылдың экологиялық жағдайы жылдан жылға нашар­лай түсуде, сондықтан ауылдан 3,5 шақырым жерден белгіленген арнайы орынға полигон салынса, бұл мәселе шешімін табар еді», де­ген ауыл әкімі алдағы атқарылар іс­-шаралар­ды айтып өтті.

    Кезекті есептен соң аудан әкімінің баян­дамасын тыңдаған халық төрт түлікке са­лынатын вакциналардың ауданға жет­кілікті мөлшерде келіп тұруын қамтамасыз етуді сұрады. Қазіргі мал ауруы шығып жатыр деген сыбыстың рас, өтірігін сұрап, алаңдаушылық білдірген халықтың үрейін аудандық ветеринариялық стансасының бастығы әзірге құтыру секілді мал ауруы тіркелмегенін айтып, сейілтті. Ауыл тұрғыны Е.Асқаров ауылдан бөлек спорт зал, қосымша бастауыш мектеп құрылысы салынса деген ұсынысын білдірді. Өйткені ауылда балалар саны көбейіп, алдағы уақытта мектепте сы­нып кабинеттері жетпеуі мүмкін екенін ескерт­ті. Ауыл тұрғындарының ұсыныс, пікірлеріне құлақ асқан әкімдер аталған мәселелерді алдағы жоспарларға енгізілетінін айтып, жұмыстанатындықтарын білдірді.

    Маңғыстау ауданы әкімі Ж.Айтуаровтың халық алдында есеп беру жиындары аудан орталығының әр шағын аудандарында жалғасты. Алдымен Шетпе­-1 елді мекенінің тұрғындарымен кез­дескен аудан әкімі, Шетпе селосының әкімі М.Мүтәллаповтың есепті кезеңде атқарған жұмыстарынан хабардар етті.

    Өткен жылы Шетпе­-1 шағынауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер Шаңдығұл Нұрсұлтан жылыжай жұмысын кеңейту мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорынан 3 млн. теңге несие алып, жұмысын жалғастыруда. Сондай-­ақ, 2017 жылы жұ­мыспен қамтудың «Жол картасы­-2020» бағдарламасының екінші бағыты, яғни «Кә­сіпкерлерді қолдау арқылы жұмыс орнын ашу» бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорынан 6 пайызбен 21 адам 60,3 млн.теңге көлемінде несие алды.

    Шетпе ауылы бойынша 19 шақырым қатқыл табанды көлік жолы бар. Базарлы, Қарашоқы шағынаудандары арасындағы қарғын сайға өндірістік мекемелер көмегімен жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Өткен жылдың көктем, күз айларында «Қазына­ Маңғыстау» ЖШС, «Дженгиз Иншаат» ЖШС және қиыршық тас өндіретін карьерлердің демеушілік көмегімен Қарашоқы, Шетпе­-1, Ащыбұлақ шағынаудандарының көше­леріндегі көлік жолдары күреліп, жол са­лынды. Алдағы уақытта ауылдың басқа да көшелеріне осындай жолдар салу жұмыс­тары жоспарлануда.

    Орталық шағынаудандағы екі қабатты 1­8 тұрғын үйлер жанындағы қосымша құрылыстарды (сарайларды, гараждарды) бұзу жөнінде тұрғындармен өткен кездесу­дің қортындысымен қосымша құрылыстар күрелді, алдағы уақытта сол жерге ойын алаңын салу жоспарланып отыр.

    Ауылды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жыл сайын жоспарлы түрде жүріп келеді. Өткен жылы ауылға кіре беріс жерге және Шетпе­-1 шағынауданындағы жол жиегінің 7000 шаршы метр аумағына қоршау жасалып, 200 түп ағаш егілді, ауыл ішіне 3 жерден мүсіндер (домбыра, қобыз, сақина) орналастырылды, 10 аялдама са­лынды, Ақтау бағытынан кіре берістен Ай­дын балабақшасына дейінгі аралыққа және Шетпе­-1 шағынауданының ішкі көшесіне жарық шамдары орналастырылды және Шетпе­-1 шағынауданы ішкі көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды, орталықтағы Досан батыр ескерткіші айналасы және кіре берістегі «Шаңырақ» белгілері жаңартылды.

    Өткен жылы Елбасымыздың білім беруді дамытудың 2016­-2019 жылдарға арнал­ған «Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуды толық қамту және мек­тепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мем­лекеттік жекеменшік әріптестік аясында Қызылтұран шағынауданынан жеке кәсіп­кер А.Каухарованың жеке меншік «Нұрсая» балабақшасы және Ащыбұлақ шағынауданынан жеке кәсіпкер Нұрымбетова Миуаның «Дархан» балабақшасы ашылды. Ауыл балабақшаларында жалпы саны 908 бала тәрбиеленуде.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Мұқағали Мақатаев: 87 жыл — 87 дерек

    Ауыл, аудан халқына Шетпе ауылындағы аудандық аурухана, емхана, жұмыс істеуде, оларда 69 дәрігер, 133 мейірбике жұмыс жа­сайды. 2016 жылы 552 сәби дүниеге келсе, өткен 2017 жыл бойынша 625 сәби дүниеге келген.

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 52 жас маманға 158 830 теңге көлемінде біржолғы  көтермелеу  жәрдемақысы және 9 жас маманға тұрғын үй алу үшін 3 403 500 теңге көлемінде қайтарымды қаржы берілді. «Самұрық­-Қазына» әлеуметтік жо­баларды дамыту қорының демеушілігімен А.Меңдалыұлы атындағы орта мектеп жа­нынан көп салалы балалар ойын алаңы, жасанды төсенішті шағын футбол алаңы пайдаланылуға берілді.

    «Ащыбұлақ ­2 шағынауданындағы 600 орындық жалпы білім беретін орта мектеп құрылысын алдағы оқу жылында тапсыру жоспарлануда» деп, ауыл әкімі М.Мүтәллапов алдағы атқарылар істерді тізбектеді. Қызылтұран шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер жолын түнгі жарықтандыру, Жаңа Орпа шағынауданындағы Н.Маха­нованың жекеменшік балабақша құрылысын, Қызылтұран шағынауданындағы Б.Нияз­бектың жекеменшік балабақша құрылысын пайдалануға беру, Қызылтұран, Шетпе­-1, Қарашоқы, Базарлы, Мақаш шағынаудан­ дарының көшелерін жарықтандыру жұ­мыстарын жүргізу, Шетпе­-1, Жаңа Орпа, Қызылтұран, Базарлы, Ащыбұлақ шағынаудандарына жаяу жүргіншілер жолын салу, ауылішілік кәріз жүйелерін тазарту құры­лысы жұмыстарын бастау, Орталық шағынауданындағы екі қабатты тұрғын үйлердің сыртын әрлеу, сырлау, балаларға арналған ойын алаңын салу, Жаңа Орпа шағынауда­нынан жылыжай құрылысын іске қосу, вокзал жанынан салынған Г.Төлеуованың қонақ үй ғимаратын пайдалануға беру. Ауыл бойынша газ құбыры тартылмаған тұрғын үйлерге газ құбырын тартуға ЖСҚ жасақтау. Жаңа Орпа шағынауданындағы үлкен алаңқайды ба­лалар ойын алаңы етіп жасақтау, Қосбұлақ шағынауданынан жасанды төсенішті шағын футбол алаңын салу секілді көптеген мә­селелерді атқару жұмыстары жоспарда тұрғанын жеткізді.

    Мұнан соң Маңғыстау ауданы әкімі Ж.Айтуаровтың аудан көлемінде атқарылған жұмыстар жө­ніндегі кең көлемдегі баяндамасына оң бағасын берген ауыл тұрғыны Ө.Сағындықов мал ұстап отырған ауыл тұрғындары үшін жайылымдағы су көздерін тыңнан ашса деген ұсынысын білдірсе, А.Ұзақбаев дәрі­-дәрмек жетіспеушілігін алға тартты. Т.Сағынтаева Ескі Шетпеден балалар алаңы салынса, сау­да орындарының айналасының тазалығы үнемі бақылауда ұсталса, А.Ертілеуов ауыл тұрғындарының саны өсіп келе жатқан Ескі Шетпеден бөлек ауылдық амбулатория са­лып берілсе деген ұсынысын білдірді.

    М.Атымов атындағы орта мектепте Жаңа Орпа ауылы тұрғындарымен кездес­кен екі әкімнің баяндамасына ауыл тұр­ғындары оң бағаларын берді. «Жасалған жұмысты көзімізбен көріп отырмыз, алдағы атқарылатын қызметке қосар ұсынысымыз бар» деп, А.Қаршығаев, Қ.Маймақов, Б.Қой­шығұлов ауылішілік су, жол мәселесін айта келе, сай­сала болып ойылып жатқан жол­дардың да жәйі мәз емес екендігін айтты. С.Мұңатов көше бойында тұрғындардың дәретханаларын өз аулаларына салуын қадағалап, көше тазалығын басты назар­да ұсталу қажеттігін сөз етті. Ауыл тұрғыны А.Серікбаева М.Атымов атындағы орта мек­тепке ішкі жөндеу жұмыстары қажет етіп тұрғандығын, сырттағы дәретхананы қайта салу керектігін айтты. М.Бітімбаева Қосбұлақ ауылына қатынайтын көлік мәселесі қиындық келтіріп тұрғанын, көше жарығын орнатып, балабақша салынса деген ұсынысын білдір­ді.

    Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын қабыл алған аудан басшы­лары тұрғындармен Өнер мектебінде де жүздесті. Онда ұстаз С.Тілегенов «Спортты дамыту Маңғыстау ауданында жақсы жолға қойылған. Бірақ мектептердегі спорт залдар тарлық етеді. Сондықтан бөлек спорт комплекстер салын­са, нұр үстіне нұр болар еді» деген тілегін білдірсе, М.Бозбанов «Жаңадан салынған Жаңа Орпа ауылындағы республикалық жол­ға мал өтетін белгі қойылса, қосымша өткел салынса» деген ұсыныстарын білдірді.

    Ауыл тұрғындары әкімдердің жұмысына жақсы деген бағаларын берді. Маңғыстау ауданының 90 жылдық торқалы тойы қарсаңында ауыл ішін­дегі айтылған мәселелер оң шешімін табады деген аудан әкімінің сөзіне ризашылық біл­діріп, тарады.

    Ж.АМАНҚҰЛОВА, А.РАХМЕТОВА

    1729
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам аудан тынысы ауыл өмірі
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Тұрғындар балық шаруашылығын қайта жандандыруды ұсынды

    Келесі жаңалық

    Мемлекеттен бөлінген балық аулау лимиті толық игерілмей отыр

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстау ауданында атқарылған іс аз емес

      [ 2018 ] 15 ақпан, 14:19
      1730

      Шетпе шамдары жарқырай түспек

      [ 2018 ] 15 ақпан, 13:14
      1640

      Кадет корпусында оқып жүрген бейнеулік жас оқушыларды әскери оқу орнына шақырды

      [ 2018 ] 14 ақпан, 11:07
      3230

      Түпқараған ауданы әкімінің есептік кездесуі басталды

      [ 2018 ] 1 ақпан, 07:19
      1708

      Ақын Айнахан Есетованың «Құсни ғұмыр» шығармашылық кеші өтті

      [ 2018 ] 30 қаңтар, 06:42
      1731

      Ұйғыр қызы – РӘБИЯМ

      [ 2018 ] 19 қаңтар, 12:26
      1497

      Рубрикалар

        СұхбатӘлем жаңалықтарыБейнеуБайланыс мәліметтеріМәдениетКомплаенсРухани жаңғыруЖаңалықтарҚарақияЭкономика

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3009

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2757

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2593

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3080

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2877

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2812

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»