• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Кадет корпусында оқып жүрген бейнеулік жас оқушыларды әскери оқу орнына шақырды

    [ 2018 ] 14 ақпан, 11:07  |  Қоғам

    ©

    Ш. Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің кадет корпусы бастапқы әскери білім бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің сержанттық лауазымында қызмет атқаратын кіші командалық құрамды даярлауды жүзеге асырады. Осы әскери оқу орнында біздің де жерлесіміз білім алуда.

    Осыдан алты ай бұрын, туған ауылынан алысқа ұзап көрмеген, бұғанасы қатпаған балғындай жасөспірім арман қуып, Ақмола облысы Щучинск қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің кадет корпусының табалдырығын аттаған болатын. Ол – Бейнеу ауылындағы Манашы орта мектебінің түлегі, ауылымыздың азаматы Жандарбек Байрамбайұлы Убайдуллаев.

    Бүгінде еліміздің еңселі әскери оқу орнында білім алып жүрген азаматтың, балалық шағының артта қалып, әскери тәрбиеге шыңдалып, ер жеткені байқалып­-ақ тұр. Қысқы оқу демалысына келген кадет Жандарбек болашақтарын енді ғана көз алдарына елестетіп жүрген ауыл жастарының алдында еңселі жігіт, үлкен аға болып көрінгені сөзсіз.

    Өзінің түлеп ұшқан алтын ұясы – Манашы орта мектебінің соңғы сынып оқушыларымен кездесіп, өзі оқитын әскери оқу орны тура­лы, оның қиыншылығы мен қызықтарын, Жандарбек Байрамбайұлы оқу орнын аяқтағаннан кейін алатын «Отан қорғаушы» мамандығының бағыттарын және болашағы мол екендігін әңгімелеп берді.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жануарлардан жапа шеккендер немесе бір тақырыпқа қос хабар

    Ол жерде 17 жасқа жаңа толған жасөспірімдер жаңа үлгіде, тиянақты әскери киім киген кадетті көргенде қызығушылықтарын жасыра алмады. Болашақ кәсіби сержант ағаларын әскери оқу орны туралы сұрақтардың астына алды. Жасөспірімдердің қызығушылығын көрген кадет өзінің әскери оқу орнына барған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі әскери өмірде көрген­ білгендерін, ол жақтан алған әскери тәрбиесінің мол екендігін алға тартып, болашақта азаматтарға «Отан қорғаушы» мамандығын таңдауға ақыл­-кеңесін берді.

    Айта кетейік, кадет корпусына 17-­21 жас аралығындағы жастар оқуға қабылданады.

    Жалпы оқу бағдарламасы 1 жыл 10 айға есептелген. Бірінші курста кадеттер әскери қызметтің негіздерін үйреніп, әскери ант қабылдайды және 10 жылға келісім­-шартқа қол қояды. Екінші кур­стан бастап жауынгерлік тағлымдамадан өтеді. Олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне барып, теориялық білімдерін іс жүзінде сынайды.

    Оқу бітірісімен кадеттер «Әскери басқару» мамандығы бойын­ша «Әскери басқарудың кіші маманы (менеджер)» біліктілігі беріл­гені туралы диплом алады.

    Сонымен қатар 3 сыныпты БМП жүргізушісі және «В», «С» кате­гориялы автокөлік жүргізушісі куәліктері беріледі.

    Осы орайда болашақта «Отан қорғаушы» мамандығын таңдап, әскери оқу орындарында оқуға ниет білдіріп оқимын деген аза­маттар болса, оларға жол ашық екенін айта отырып, Қазақстан Республикасының басқа да әскери оқу орындары туралы бірер мәлімет бере кетейік:

    Құрлық әскерлерінің әскери институты, Алматы қаласы, 4 жыл. Радиоэлектроника және байланыс әскери­инженерлік институ­ты, Алматы қаласы, 5 жыл.

    Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты, Ақтөбе қаласы, 4 жыл.

    «Жас Ұлан» әскери мектебі, Астана қаласы, 9 сыныптан кейін. Әскери оқу орындарында оқимын деген жастарға оқу орын­дар туралы аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнен толық мағлұмат ала алатындарын жеткізе отырып, қиындығы мен қызығы бірдей жүретін әскери қызметтегілер мен оқудағы аза­маттарымызға аянбай еткен еңбектері мен төккен тердің жемісін жеуге тілектестік білдіреміз.

    Ж.ТАЙШЫБАЕВ, Бейнеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау, әскерге шақыру және әскерден тыс даярлық бөлімшесі бастығының көмекшісі

    3229
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам аудан тынысы ауыл өмірі
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Шайыңды құйшы, келінжан!

    Келесі жаңалық

    Тоқшылықта тасымай, жоқшылықта жасымаған азамат

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстау ауданында атқарылған іс аз емес

      [ 2018 ] 15 ақпан, 14:19
      1729

      Шетпе шамдары жарқырай түспек

      [ 2018 ] 15 ақпан, 13:14
      1639

      Кадет корпусында оқып жүрген бейнеулік жас оқушыларды әскери оқу орнына шақырды

      [ 2018 ] 14 ақпан, 11:07
      3230

      Түпқараған ауданы әкімінің есептік кездесуі басталды

      [ 2018 ] 1 ақпан, 07:19
      1708

      Ақын Айнахан Есетованың «Құсни ғұмыр» шығармашылық кеші өтті

      [ 2018 ] 30 қаңтар, 06:42
      1731

      Ұйғыр қызы – РӘБИЯМ

      [ 2018 ] 19 қаңтар, 12:26
      1497

      Рубрикалар

        ЖаңалықтарМаңғыстау жаңалықтарыРедакция газеттеріанонсРедакцияЖарнамаМәселеҚарақия

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3009

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2757

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2593

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3080

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2877

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2812

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»