• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 4 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Тоқшылықта тасымай, жоқшылықта жасымаған азамат

    [ 2018 ] 15 ақпан, 07:12  |  Қоғам

    Ол екінші дүниежүзілік соғысы жүріп жатқан кезде нағыз қақаған қыста дүние есігін ашты. Жылдар өте балдай тәтті балалық шақ көзден таса, көңілден жырақ болды. Ес жиып, етек жапқан кезде бірде аш, бірде тоқ жүрсе де көңіл көтеріңкі, көкірек үміт пен сенімге толы болатын.

    Еңбек жолын бозбала бастауыш сынып мұғалімі болып баста­ды. 1961 жылы әскерге аттанып, Отан алдындағы борышын өтеп қайтты. Маңғыстау деп аталатын маңғаз өлкеде жарты ғасыр бұрын даланың жым-жыртығын шайқап жіберген мұнай бұрқағының атқылауы - Тыныштық Базарбаевты мұнай саласына апарды. Ел еңсесі тіктеле ба­стады. Қатықсыз көже ішкен жылдар артта қалды. Ашыққан қарын тойынды. Еңбекқор жанның наны жүріп, бағы өрге домалады. Ел­гезек, жұмысқа тиянақты, көпшіл азамат қай жұмысты да абыройлы атқара жүріп, ұжымға сыйлы бола білді.

    «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалын­да Компанияда Тыныштық аға атқармаған жұмыс кемде кем шығар, сірә! Ол маман­дар бөлімінің бастығы да болды. Ғылыми зертхана бастығы да болды. Экономист де болды. Бас бухгалтер де болды. Бұрғылау жұмыстары басқармасында кадр бөлімінің басшысы және кәсіподақ төрағасы, Жаңаөзен қалалық атқару комитетінің төрағасының орынбасары, тіпті кей жылдары тігін фабрикасының директоры да болды. Тықаңның өмірінде атқарған қызметтерін са­намалап шығу мүмкін емес. Зейнеткерлікке шыққан ол бүгінде Нәсіпқали Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қорының Жаңаөзен қаласы бойынша координаторы жұмысында жүр.

    Әрине, Тықаңның компанияға сіңірген адал еңбегі еленбей қалған жоқ. Ол «Құрмет белгісі» орденімен, «В.И.Лениннің туылғанына 100 жыл», «ҰОС 20 жылдығы» медалдары­мен марапатталды. Елбасының алғыс ха­тына да ие болды. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Нұр Отан» партиясынан алған алғыс және құрмет грамоталарының елде есебі жоқ...

    «Зейнеткерлікке шыққасын армансыз де­малатын шығармын деп ойлағанмын, сөйтсем оңбай қателескем екен. Тірі пенденің майда-шүйде шаруасы таусылған ба?!» - дейді бүгінде зейнеткерлікте жатқан ақсақал.

    Біреуге ерте, біреуге кеш келетін ажал-құдірет барды бар деп, жоқты жоқ деп ала­лап көріп пе еді... Жақында Тықаң жарты ғасырдан астам уақыт отасқан бәйбішесінен айырылып қалды. «Қайғы келсе - қарсы тұр...» - деп Абай айтпақшы, қайғыға қарсы тұрды. Тірі жанның тіршілік жасауы - мұсылмандық дәстүр ғой. Ол да сабырға келіп, Алла әміріне көнді. «Әйел - үйдің алтын діңгегі» деп ба­балар бекер айтты деймісің. Жарықтық осы жылдар ішінде отағасының бетіне жел болып келмеген еді...

    «Адам бірге жүргенде бір-бірінің қадірін біле бермейді екен. Жарың қашанда отбасының ырысы екен ғой...», - дейді мұнайшы аға.

    Қазақта «адам ұрпағымен мың жасайды» деген жақсы сөз бар. Аллаға шүкір, бүгінде Тықаң ұлы Бекжаннан Темірлан, Ақбаян, Ай­шолпан, Айсәуле, Нәсіпқали атты немерелер сүйіп отырған бақытты ата. Баласы нарық заманына бейімделіп кәсіпкерлікпен айналы­сып жүрсе, келіні Гүлшат «Өзенмұнайгаз» АҚ-да қазынашылық департаментінде абыройлы жұмыс жасап жүр.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Теміржол мүлкіне залал келтіргендер кімдер?

    Адам баласы жасы ұлғайған сайын бо­сайтын көрінеді. Бүгінде ол немерелерінің жолына жүрегін төсеуге дайын. Ойлап қараса, өмір шіркін поездай зулап өтіп барады. Күнді күн, айды ай қуалап, көктемді жаз, жазды күз алмастырады. Не десек те «ұшқаны білінбейтін ұшқыр заманда» (Шәкәрім) өмір сүріп жатқанымыз рас.

    Адамға егделікпен бірге есті ойлар да келеді екен. Бүгінде мерейлі 75 жасқа шығып, еңбегінің жемісін, бейнетінің зейнетін көріп отырған Тыныштық жер басып, көкайдын аспан астында туған жерді аралап, әйтеуір, тірі жүрудің өзі бақыт екендігін жақсы түсінеді.

    Тоқшылықта тасымаған, жоқшылықта жасымаған ол «Адамға мал мен мансап өмірлік жолдас болмайды екен. Жалғанда жұрттың көзіне қарай алатындай жүзің жарқын, бетің ашық болғанға не жетсін! Ең бастысы-жарық дүниеге келіп, сүйініп, күйініп, сүрініп, тұрып, күліп, жылап, шалқып, қамығып өмір сүрдім. Адам болып келген өмірден адам болып өтсем арман не?» - деп ой түйеді.

    Бибігүл БӨБЕКБАЙ

    1129
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Кадет корпусында оқып жүрген бейнеулік жас оқушыларды әскери оқу орнына шақырды

    Келесі жаңалық

    Қарақиядағы ауыл әкімдерінің есептік кездесулері аяқталды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

      [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
      879

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2656

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2684

      Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

      [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
      2107

      Мұнайлыда полиция қызметкерлері жоғалған 3 ноутбукты тауып берді

      22 тамыз, 15:35
      3499

      Биыл Маңғыстауда тұмауға қарсы вакцинаға 88 млн теңгеден аса қаржы жұмсалды

      22 тамыз, 12:26
      4146

      Рубрикалар

        ЖарнамаҚазақстан жаңалықтарыБайланыс мәліметтеріАНТИКОРФотоМаңғыстау жаңалықтарыБіле жүріңізҚарақияРухани жаңғыру

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3195

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2951

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2786

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3247

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3058

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3027

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»