• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Ұйғыр қызы – РӘБИЯМ

    [ 2018 ] 19 қаңтар, 12:26  |  Қоғам

    ©

    Түпқараған ауданының мәдениет саласында ұзақ жылдар басшылық қызметте жасаған, мәдениет саласының ардагері Рая Юлдашқызымен «Лекториум-2018» жобасы бойынша еркін форматта кездесу өтті.

    Түпқараған жастарының ресурстық орталығы ұйымдастыруымен өткен кездесуге кездесу қонағымен қыз­метте, өмірде бірге жүрген жолдастары мен сол жылдарда аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған, бү­гінде мәслихат депутаты Айкүміс Досанова және аудан жастары қатысты. Форт-­Шевченко мектеп-­интернатының акт залында жастармен өткен кез­десудің ерекшелігі – бұл жолғы кездесу кейіпкеріне ән арналған екен. Сөзі мен сазын жазған Айкүміс Досанова үзеңгілес досы, жолдасы Рая Жолды­ баеваға өз орындауында «Ұйғыр қызы Рәбиям» атты әнін арнапты. Сонымен қатар Рая Жолдыбаевамен өмірде, қызметте серік, дос, жолдас бола білген азаматтар мен елімізге танымал эстрада жұлдызы, Рая Жолдыбаева тәрбиесін көрген Кәмшат Жолдыбаева бейнежазба арқылы естеліктер жолдап, кездесудің әсерін арттырды. Қа­ тысушы жастар тарапынан мәдениетке келуі, қолөнері жөнінде сұрақтар жолданды.

    Бүгінде Астанадағы немерелерін баптап жүрген әже – 11 немере, 4 жиенге асыл әже. Балаларын қанаттан­дырып, жалғыз қызы Жанарын құтты орнына қондырған Рая Жолдыбае­ваның азан шақырып қойған аты Рәбиям. Студенттік жылдарда құжатқа Фабиян болып тіркелген Рая апайды бүтін Ақкетік Рая ретінде жақсы таниды. Киномеханика мамандығымен Форт­-Шевченкоға жолдама алған талдырмаш қыз қаладан гөрі ауылға ұқсас бұл аймақтан болашақ жарын кездестірем деп мүлдем ойламаған. «Тағ­дырдың жазуы бұйырады» демекші, Жолдыбаев Нұрберген әулетінің үлкен ұлы Аманқос Жолдыбаевпен тағдыр дәм­тұзын жарастырады. Өнерлі әрі қонағы үзілмес үлкен әулеттің түндігін ашып, дастарханын жайып, ұрпағын тәрбиелеуден бөлек Рая Жолдыбаева да қаладағы «Заря» кинотеатрындағы киномеханик мамандығының жүгі тұр­ды.  Тоқсаныншы  жылдардың тоқырауында кинотеатр Рая апай сынды еңбекқор жандар арқасында Тәуелсіз­дік жылдарының бастапқы 15 жылына дейін есігін бір жаппады. Ауданда ғана емес, елдегі тоқыраудан тосылып қалған бұл саланың сылтуынан ауыл киноклубтары жәй ғана концерт қоя­тын зал ретінде пайдаланылды. Сол тұстарда лентамен кино қоймаса да, залды пайдалана бейнетаспалар ар­қылы кинолар көрермен назарына ұсынылып жүрді. Кешкі уақытта жастар үшін би кештерін ұйымдастыру да осы жанның тынымсыз тірлігі еді. Бәрін де бір арнада тоғыстырып, қатар алып жүре білген Рая кейін кинотеатр келмеске кеткен уақытта мәдениет саласына ойысты. Кино мен мәдениет ұқсас өнер. Рәбиям апаға мәдениеттің қызығы мен шыжығы көп қиындық­ тарын алып жүру қиынға соқпады. Бір- ге қызметте болған жандар да «Терісі кең, мінезге бай адам»­деп, бірден кісіге қарсы келмейтін жайсаңдығы мен адалдығын, қарапайымдылығын сөз етеді. Ол өзінің қызметтегі жылдарын «20 жыл мәдениет саласындағы еңбек өтілім ең бақытты кездерім»­ деп, еске алады. Рая апайдың қолымен дайындалатын тәтті тағамдары тіл үйіреді. Оның дайындайтын лағманынан бө­лек, «Өкпе құю» деп аталатын жаңа со­йылған қой өкпесіне пышақ тигізбей, оған қамырлы су құйып, дайындайтын тағамын ауылдастары аузынан тастамайды. Сол тағамның дайындалуы мен Рая апайдың өмір жолы, қызметі жайында сөз алған Айкүміс Сәрсен­ғалиқызы «Егер Раяға не сыйлар едің десе, мен ұйғыр қызы, қазақ келіні Рая замандасыма Отан сыйлар едім» деген әдемі тілегін жеткізді. Шынында қа­зақтың өнерлі шаңырағында өнегелі келін атану өзге ұлт түгілі өз қазағымыздан шыққан қыздарға бұйыра бермейтін бақ. Сол дәрежені өз биігінде ұстап, өзінің жайынан өзгенің жайына көп алаңдайтын мұндай көпшіл жан- дармен қоғам өзінің қамқорлық пен адалдық, адами құндылық деген түсі­ніктерін дәлелдейтіндей. Үлкенді де, жасты да жанына үйірте білетін жанның қайда да тауы шағылмайды. Бүгінде Рая апайдың тілеуін тілер жан көп. Ұмытпасам, 2012 жыл болуы керек, «Егемен Қазақстан» елдің бас газетіне поэзия падишасы Фариза Оң­ғарсынованың Ақкетікке келген 2011 жылғы соңғы сапарынан кейін көлемді мақала жарық көрді. Сол мақалада Ақкетіктің Айкүмісі туралы айтылады. Елге ер кісідей, бір кісідей қызмет етіп жүрген Айкүміс Досанова туралы мақалада Рая апаның да аты аталады. Онда қазаққа келін болған ұйғыр қызының ісмерлігі, шеберлігі мен елге еткен еңбегі де сөз болатын жері бар. Текті тұлғаның тегін емес мақаласына түрткі болу да кез келген жанға бұйыр­масы анық. Ақкетікке тағдыры айдап келіп, Ақкетік тарихында ізі қалар Рая апайдай адал адамдардың еңбегі жастарға үлгі болуы керек. Ол үлгіні де үлгі етіп жүрген жастар бүгінде «Лекториум» жобасы аясында еңбекпен өткен өмірді дәріптеп үлгеріп жатыр.

    Милана ЕЛЕУСІНОВА

    Тағы оқыңыз: Жас спортшылар чемпиондармен кездесті

    1583
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам аудан тынысы ауыл өмірі
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Қарақиялық ата-ана баласының атын SMS арқылы қойды

    Келесі жаңалық

    Жаңаөзендіктер туу туралы куәлікті SMS арқылы ала бастады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстау ауданында атқарылған іс аз емес

      [ 2018 ] 15 ақпан, 14:19
      1822

      Шетпе шамдары жарқырай түспек

      [ 2018 ] 15 ақпан, 13:14
      1735

      Кадет корпусында оқып жүрген бейнеулік жас оқушыларды әскери оқу орнына шақырды

      [ 2018 ] 14 ақпан, 11:07
      3322

      Түпқараған ауданы әкімінің есептік кездесуі басталды

      [ 2018 ] 1 ақпан, 07:19
      1794

      Ақын Айнахан Есетованың «Құсни ғұмыр» шығармашылық кеші өтті

      [ 2018 ] 30 қаңтар, 06:42
      1815

      Ұйғыр қызы – РӘБИЯМ

      [ 2018 ] 19 қаңтар, 12:26
      1584

      Рубрикалар

        Маңғыстау жаңалықтарыМәдениетТағайындауанонсСұхбатАнықтама бюросыБіле жүріңізТүпқарағанРухани жаңғыруДенсаулық

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақкетікте І қайырымдылық балы өтеді

      [ 2019 ] 19 қараша, 09:47
      2469

      Мұрын жырауға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтпек

      [ 2019 ] 13 қараша, 11:11
      2229

      Елордада өткен ауыл әйелдерінің II форумына облыстан 12 делегат қатысты

      [ 2019 ] 12 қараша, 09:18
      1770

      Форт-Шевченко қаласындағы орталық емханада семинар өтті

      [ 2019 ] 9 тамыз, 05:00
      1931

      Түпқарағанда 600-ден астам адам тұрғын үй кезегінде тұр

      [ 2019 ] 25 шілде, 08:21
      1710

      Түпқараған ауданында кәсіпкерлер көбейіп келеді

      [ 2019 ] 13 маусым, 05:53
      1635

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»