• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 16 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Аудандық аурухана осылай салынып еді...

    [ 2018 ] 24 шілде, 13:04  |  Аудан тынысы

    ©

    Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында Маңғыстау ауданының орталығы Шетпеге көшті. Оған дейін аудан орталығы болған Таушықтағы 1939 жылы ашылған аудандық аурухана Шетпенің МКСО ауыл деп аталатын бөлігінде ағаштан салынған барақ үйге орналасады. 1971 жылға дейін сол барақ корпуста аудан халқы дәрігерлік көмек алды. 1967 жылы басталған 50 төсекке арналған типтік жобадағы екі қатарлы аудандық аурухана мен емхана бөлімінің құрылысы 1971 жылы тапсырылады. Сол аурухана халыққа 2011 жылға дейін қызмет көрсетті. Алайда заман талабы жаңа аурухана салуды қажет етті.

    Алғаш аурухана салу мәселесі 1988 жылы қозғалды. Киев қаласындағы Одақтық деңгейдегі жоспарлау институтының екі қатарлы 150 төсекке арналған аудандық аурухана құрылысының жобасы таңдалды. Алайда Маңғышлақ облысының таратылуы, кейін Кеңес Одағының ыдырауы бұл мәселенің тоқтап қалуына себепші болды. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан соңғы алғашқы он жылдығында экономикалық қиындықтар кезінде жаңа құрылыстар салуға мүмкіндік болмағаны белгілі.

    2006 жылы ақпан айында сол кездегі Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың ауданға келетіні белгілі болды. Әкімнің жүру бағдарламасына сай алдымен абыздың ауылы Ондыға баратынын, сосын аудан орталығындағы әлеуметтік нысандарға соғатынын білдік. Алдында облыс әкімінің аудандарға барған іссапарларында міндетті түрде емдеу орындарына барғанын облыс жаңалықтарынан көріп отырдық. Сол жылғы қаңтар, ақпанда 27-33 градус аяз болып тұрды. Облыс әкімі түске таман аудандық ауруханаға келді, қасында облыстың бір топ басшылары мен аудан әкімі, орынбасарларымен бар. Облыс әкімі екі қатарлы корпуста орналасқан терапия, хирургия бөлімдерін аралап, емделіп жатқан науқастармен сөйлесті. Олардың емдеу ісіне ризашылығын, дәрі-дәрмекпен толық қамтылып отырғандығын естігесін әкім сәл келгендегі жайынан босағандай көрінді. Сол сәтте аудандағы медициналық қамтудың жайын баяндап келе жаттым да, алдында дербес ашылған реанимациялық блоктың бөлімшесін апарып көрсеттім. Бөлімшені көріп, танысқан әкім қасында келе жатқан облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Ажар Төлеғалиеваға қарап "Барлық аудандарда осындай дербес бөлімше ашуды ұйымдастыру керек, қатаң науқастар тиісті маманына бөлек жарақталған бөлімде ем алғаны дұрыс" деп түйіндеді. Сыртқа шығар сәтте облыс әкімі үстіндегі халатты шешіп жатып, «Жолдас бас дәрігер, не айтасыз?» деді. Мен мүмкіндік болып жатса ауданға типтік жобадағы аурухана, емхана қажет екендігін айттым. Аудан халқының тұрақты өсу деңгейінің прогрессивті өсу деңгейінде екендігін, қызмет жасап тұрған аурухананың сапасының талапқа сәйкес келмейтіндігіне нақты дәлелдер келтірдім. Қырымбек Елеуұлы аудан әкімі Әмірбек Төлегеновке қарап: «Аудандық аурухананың жобасын даярлаңдар» деп тапсырма берді. Қасында бірге келген облыс әкімінің орынбасары Сақып Керелбаев «Әкімнің жоба даярла дегені, жұмысыңның жартысының біткені ғой» деп, әкімді де көтермелеп қойды.

    ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ел сүйсінер ердің ісі көпке үлгі

    Әкім тапсырмасынан соң Әмірбек Бекбасарұлы жоспарлаушы ұжымның мамандарын шақыртып, аурухана салатын жер іздеді. Жаңа аурухананы сол кездегі аурухананың алдыңғы бетінен салдыртуды ойладым. «Мақсат жедел жәрдем бөлімшесінің орналасқан жерінен Шетпенің бөлшек участоктеріне көмегі жақын болсын» деген ойымды аудан әкіміне айттым. Алайда типтік жобадағы 150 төсектік ауруханаға үш гектар жер қажет болды. Аурухананың алдыңғы бетінде орналасқан жекеменшік нысан жер мәселесіне келісімін бермеді. Көп ұзамай Әмірбек басқа жаққа қызмет ауыстырды да жаңа әкім Жиенай Албытов келді. Жаңа әкімге аурухана салу туралы мәселені айтып едім, ол кісі жаңадан келіп жатқасын жұмысы көп болды ма, білмедім, көп мән бермеді, мәселе күн тәртібінен түсіп қалды.

    Сонымен жүргенде күз болды, облыстың әкімі ауданға келеді деген хабар болды. Аудан әкімінің аппарат басшысы облыс әкімінің қыстағы берген тапсырмаларына сай орындалысын сұрап жатқандығын айтты, сөйтіп аурухана салу ісі қайтадан қолға алынды. Жаңа аурухананың қажеттілігі туралы негіздеме даярланды, салынатын жер іздеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық құрал-жабдықтармен қамту туралы бұйрықтарына сәйкес медициналық құрал-жабдықтардың тізімі жасақталынып, облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісілген соң жобалау мекемесіне берілді. Облыс әкімінің тапсырмасына сай болғасын аурухана құрылысы еліміз бойынша қабылданған «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасына енді. Құрылысы 2008 жылдың қазан айында басталған аурухана құрылысы 2010 жылдың аяғында бітіп, бүгінде халық игілігін көруде. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген аурухана сияқты халықтық маңызы бар нысанды салдырту сол уақыттағы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың тікелей тапсырмасы арқылы салынғандығын куәгері ретінде айта аламын. Әрине облыс бойынша бастауын тауып, аяқталмай қалып тұрған әлеуметтік нысандардың құрылыстарын көргенде аудандық аурухананың игілігін аудан халқының көріп отырғаны қуантады.

    Бұл - Маңғыстау ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында аудандағы бір емдеу орнының тарихы туралы жазба еді.

    Б. БАЙНАЗАРОВ, Маңғыстау ауданның Құрметті азаматы

    Көрнекі сурет сайттың архивінен

    2041
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    аудан тынысы ауыл өмірі маңғыстау
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Мәжіліс депутаттары Бейнеуде

    Келесі жаңалық

    Құрық тұрғындарына су құбырмен беріле бастады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Тегін дәрі кімге тиесілі?

      [ 2019 ] 13 ақпан, 08:28
      3087

      Аудандық аурухана осылай салынып еді...

      [ 2018 ] 24 шілде, 13:04
      2042

      Ақшұқыр ауылында төрт жаңа нысан пайдалануға берілді

      [ 2017 ] 2 желтоқсан, 09:43
      1917

      Облыс әкімі Таушықтағы табиғи өнім шығаратын шаруашылықта болды

      [ 2017 ] 2 желтоқсан, 09:42
      1544

      Таушық ауылында 100 балаға арналған балабақша ашылды

      [ 2017 ] 2 желтоқсан, 09:31
      1698

      Теңге ауылында төбе би мен билер алқасы сайланды

      [ 2017 ] 1 желтоқсан, 10:28
      2053

      Рубрикалар

        ДенсаулықТүпқарағанАудан тынысыАшық қоғамБіле жүріңізЖарнамаРедакция газеттеріФотоанонсҚарақия

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3043

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2791

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2628

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3097

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2912

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2858

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»