Жақында Бейнеу ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Хитуов Тарас Киікбайұлы, Мұсырман Кәрібай Иманжанұлы, Смағұлов Асылбек Айжарықұлы іссапармен келіп, Сыңғырлау, Ақжігіт елді мекендерінің тұрғындармен кездесті.
Бұл кездесудегі негізгі мақсат халыққа Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы халыққа Жолдауын, заңшығарушылық қызмет пен «Рухани жаңғыру», «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру барысын, сонымен қатар өткен жылғы атқарылған істер мен қабылданған заңдар турасында айтып, бағыт-бағдар беріп, түсіндірді. Кездесу барысында ерікті қоныс аудару, жастар арасында жұмыссыздық мәселелеріне де кеңінен тоқталып өтті.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Автобуста абай жүрБүгінгі таңдағы шағын және орта бизнесті дамытудағы түрлі қиындықтарға байланысты, өңірдегі ауыз су мәселелері жөнінде халық қалаулыларына жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Тұрғындардың қойған сұрақтарына депутаттар тиісінше жауап берді.
Одан кейін депутаттар іссапарын, Өзбекстан Республикасымен шекаралас жатқан "Тәжен" шекара бекетінің жұмысымен танысып, шекарашылармен кездесіп пікірлесті.
Үміт ҚАЗДАЕВА