©
Қарақия аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Бековтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан басшылары мен ауыл әкімдері және бөлім қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйі мен аудандық экономика және қаржы бөлімінің аудан бюджеті қаражатының игерілуі бойынша атқарылған жұмыстары туралы басшылар өз баяндамасын көпшілік назарына ұсынды.
- Қарақия аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы арасында 201 7жылы және 2018 жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Таңертеңгі саптық жиындарда республика бойынша ішкі істер органдары қызметкерлерімен орын алған заң бұзушылықтар, төтенше жағдайлар мен тәртіп бұзушылықтар сыбайлас жемқорлыққа жол беру деректері күнделікті оқылып, таныстырылады. Кәсіби-дайындық сабақтарын да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сабақтары жүргізіледі. Қарақия ауданы ІІБ-нің жеке құрам қызметкерлерін тіркеу, тәртіп пен заң бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бағытында арнайы іс-шаралар жүргізіліп, қазіргі таңда жасалған жұмыстардың нәтижесінде аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа жол беру дерегі тіркелген жоқ, - деді ауданық ішкі істер бөлімінің басшысы Ж.Қалаубай алғашқы сөз кезегінде. Сондай-ақ Ж.Бекмолдаұлы қазіргі таңда жасалған жұмыстардың нәтижесінде аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа жол беру дерегінің тіркелмегендігін атап өтті.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Кездесу қонақтары – Астананың құрдастары
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында сөз кезегін алған аудандық экономика және қаржы бөлімі міндетін атқарушы Н.Сейілханова:
- Аудан бойынша 2018 жылдың 1 шілдесінде барлығы 104 млн. 947,1 мың теңге кредиторлық берешек тіркелді. Оның ішінде білім саласы бойынша 56 млн. 430,8 мың теңге, құрылыс бөлімі бойынша 21 млн. 026,9 мың теңге, ауыл әкімі апараттары бойынша 10 млн. 872,4 мың теңге, дербес бөлімдер 16 млн. 617 мың теңге. Дебиторлық алажақ көрсеткіші 6 млн. 633,3 мың теңге. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен заң талаптары сақталып, бюджеттік жоспарлар рәсімделді. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілген жоқ және алдағы уақытта да жол берілмейді, -деді.
Бұдан соң аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Әндірұлы жиынды қорытындылай келе бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне өзіне қарасты мемлекеттік мекемелерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның талаптарын мүлтіксіз орындап, заң бұзушылықтарға жол бермеу және берілген өтініштер немесе арыздардың уақытылы және сапалы орындауын қатаң бақылауда ұстауға шақырды.
Майра ТӨЛЕУОВА