Ауданның 10 жылдығына №5 орта мектепте ұйымдастырылған мерекелік басқосуға облыс әкімінің өзі қатысып, жиылған жұртты мерейтоймен құттықтады. Шараның шымылдығы Мұнайлының кешегісі мен бүгіні туралы бейнероликпен түрілді.
Тойдың шашуы ауданмен түйдей құрдас 10 баланың туған мекеніне, айтыскер ақын Мэлс Қосымбайдың ауданға арнауымен басталды. Кешке алыс-жақыннан келген аудан үшін тер төккен азаматтар, тұрғындар қонақ болды. Алғы сөзді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов алып, өз лебізінде мұнайлылықтарды алда күтіп тұрған жағымды жаңалықтармен таныстырды.
– Қазір біз көріп отырған еліміздің жеткен жетістіктері мен әлем таныған абыройы ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен Тәуелсіздіктің, Елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі. Ынтымақ сүйген халқымыздың бірлігі. Соның нәтижесінде еліміз өсті, өркендеді. Туымыз желбіреді. Мемлекетімізге сырттан күмәнмен қаралған кезеңдер де болды. Бірақ біз елдегі саясаттың, бірліктің арқасында оның керісінше екенін дәлелдедік. Оған сіз де, біз де куә, Мұнайлының 10 жылдығы куә. Сондықтан еліміздің өскені, өнгенін Мұнайлы ауданында көрсетуге толықтай негіз бар. Ауданның 10 жылын мемлекетіміздің даму тарихының 10 жылы десек болады, – деді Е.Тоғжанов. Онан соң әкім бірқатар азаматтарға «Мұнайлы ауданына – 10 жыл» медалін тапсырды. Аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бердібек Назар ауданға еңбегі сіңген 15 адамға «Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы» белгісін тағып, марапаттады. Елордадағы халық қалаулылары, ел ағаларының Мұнайлыға тілектері оқып берді. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Табылды Әміров, ауданның қалыптасуына атсалысқан қонақтар сөзге шығып, өткен күндердің естелігінен айтты. Астанадан ат арылтып келген әнші Гүлмира Сарина, аудандық мәдениет және дене шынықтыру бөлімінің басшысы, композитор Есенбай Құли, аудан өнерпаздары өнер көрсетті.
Тағы оқыңыздар: Әрбір қазақстандықтың абыройлы міндетіМерекелік шарадан соң мерейтой қонақтары «Ақшам» мейрамханасындағы дастарқаннан дәм татты.
Еске сала кетейік, ауданның және оған қарасты ауылдардың мерейтойын атап өту рәсімі Басқұдықта басталып, ертесіне Атамекен ауылында, өзге елді мекендерде де жалғасқан еді.
Ш. ЖҰМАН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="38758,38759,38757,38753,38756,38755,38754,38752,38751,38750,38749,38748"]