Қазақстандық могулшы Юлия Галышева Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында алтын олжалады.
Финалда Галышева 73.80 ұпай жинады. «Күміс» медаль ресейлік Анастасия Первушинаға (62.13) бұйырса, «қола» жүлдені австриялық Катарина Рамзауэр (52.05) жеңіп алды.Дмитрий Рейхерд Қазақстанға Универсиаданың бесінші алтын медалін алып берді, деп хабарлайды Baq.kz.
Финалда Дмитрий Рейхерд 79.94 ұпай жинады. Қазақстандық тағы бір спортшымыз Павел Колмаков 76.95 ұпай алып, «қола» жүлдеге ие болды. «Күміс» медаль ресейлік Сергей Шимбуевке бұйырды. Оның ұпайы 79.11Сонымен, Қазақстанның қоржынында 12 медаль, 5 алтын, 2 күміс, 5 қола бар.
Роман Еремин Универсиада-2017 сайыстарында Қазақстан қоржынын қола жүлдемен толықтырды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 10 шақырымдық спринтте Еремин мылтық атуда екі рет мүлт кетіп, 27 минут 24.6 секунд көрсеткішпен үшінші болды. Бірінші және екінші орынды ресейліктер Семен Сучилов (27:02.3) және Дмитрий Иванов (27:24.1) иеленді. Олар мылтық атуда нысанаға дәл тигізді.