Кендірлі аймағынан теңіз суын тұщытатын ірі зауыт салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңаөзендегі ауыз су тапшылығы да осы кешенді жоспар аясында шешімін таппақ. Қазір жобаның техникалық негіздемесі жасалып жатыр. Тәулігіне 50 мың текше метр су өндіріліп, халыққа таза ауыз су ұсынылып, шаһардың ауыз суға қажеттілігін толық өтеуі тиіс.
Бұл Жаңаөзен жұртшылығының тіршілік нәріне деген сұранысын толық өтейді. Ауыз су мәселесі бар. Дефицит 15 мыңдай екен. Кендірлі аймағында теңіз суын тұщыту зауыты салынады. 2021-2022 жылдары саламыз деп отырмыз. Тәулігіне 50 мың текше метр. Барлық қажеттілікті өтейді. Қазір техникалық-негіздемесі жасалып жатыр. Келесі айда бітеді, - деді қала әкімі Мақсат Ибағаров.