2022 жылдың 14 шілдесінен бастап Жаңаөзен қаласы әкімінің Өкімімен Қайнарбаев Жансейт Исаханұлы Жаңаөзен қаласы әкімінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, тұрғын-үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайнарбаев Жансейт Исаханұлы - білімі жоғары, 2006 жылы Шахмардан Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «тау инженері», 2010 жылы Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
2006 - 2008 жылдар аралығында «Ақтау жолдары-07» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шебері;
2008 - 2009 жылдар аралығында «Құлагер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бас механиктің орынбасары;
2009 - 2012 жылдар аралығында «Транс Сервис Сити Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы;
2012 - 2014 жылдар аралығында «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бөлім басшысы;
2014 - 2015 жылдар аралығында «Коммуналдық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы;
2015 - 2016 жылдар аралығында «Түпқараған аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметтерін атқарған.
2016 жылдың 22 желтоқсанынан бастап - 2022 жылдың 13 шілдесі аралығына дейін Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.