Бүгін, 21 маусымда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев аппараттық жиында жастар саясаты басқармасының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басқарманың жаңа басшысы болып Батырхан Қуанышбеков тағайындалды. Батырхан Қуанышбеков Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде "Құқықтану" және "Туризм"мамандықтары бойынша екі жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2012 жылы Ақтау қаласы әкімі аппаратында іс жүргізуші болып бастаған. 2014-2022 жылдар аралығында Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасында инспектор, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
Нұрлан Ноғаев жаңа басшыға сәттілік тілеп, Батырхан Қуанышбековке жастар саясаты саласын дамытуға қатысты бірқатар нақты міндеттер қойды.