Қарақия ауданындағы Құланды ауылдық округінің әкімінің сайауында Оразғали Бекенбаев тұрғындардың басым дауысына ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан әкімі С.Төретаев халықтың таңдауы түскен, сайлауда көпшіліктің дауысымен басымдыққа ие болған үміткерге сәттілік тіледі. Ауыл тұрғындарымен ашық түрде, кері байланыс орнату арқылы жұмыс істейтініне және ауылдың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына сенім білдірді.
Аудандағы орталық сайлау комиссиясының 15.08.2023 жылғы қаулысы негізінде комиссия төрағасы А.Мееров тағайындалған әкімге қызметтік куәлігін табыс етті.
Құланды ауылдық округіне сайланған әкім Оразғали Киікбайұлы 1989 жылы 5 сәуірде Қарақия ауданы Құланды ауылында дүниеге келген.
2006 - 2010 жылдар аралығында Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алды.
2010 -2020 жылдары аралығында Құланды ауылдық округы әкімінің аппаратында іс жүргізуші, инспектор, бас маман қызметтерін атқарған.
2020 жылдың шілде айынан осы уақыт аралығында Сенек ауылының әкімі қызметін атқарды.