Маңғыстау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің жаңа бастығы болып Нығмет Ахметұлы тағайындалды. Ол бұрын Түркістан қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы қызметін атқарған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Нығмет Ахметұлы 1971 жылы 11 шілдеде Шымкент облысы Бөген ауданының Бадам станциясында дүниеге келген. Қазақ ұлттық медицина университетін (бұрынғы Алматы мемлекеттік медицина институты) 1996 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. «Заң ғылымдарының магистрі» ғылыми дәрежесі бар.
Әскери ведомствоның ресми хабарламасына сәйкес Нығмет Ахметұлы І дәрежелі «ЕЛ ҚОРҒАНЫ», І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін»; «ҚР Қарулы Күштеріне 10 жыл» медальдарымен және басқа да жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған.
Қорғаныс департаментінің жаңа басшысы 1996 жылдан 2002 жылға дейін нейрохирург дәрігер мамандығы бойынша түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
Ал 2002 жылдың ақпан айында ҚР ҚК қатарына шақырылған.
Соңғы 20 жыл бойы Оңтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының көмекшісінен басшысына дейін әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Полковник атағы 2019 жылы мерзімінен бұрын берілген.
Үйленген, екі қызы бар.