“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕ” АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директоры лауазымына Мұзбаев Айбек Нұрғалиұлы тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұзбаев Айбек Нұрғалиұлы - 11.11.1983 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.
2004 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан Құқықтану факультетін бітірген;
2006 ж. Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы университеттен Тау инженері мамандығын алған.
Еңбек жолы:
2005 жыл - Маңғыстау облыстық прокуратурасында - прокурор көмекшісі;
2006-2010 жыл - Маңғыстау облыстық ІІД - тергеуші;
2010-2015 жыл - “Зиба-Құрылыс” ЖШС директоры;
17.09.2015-01.10.2015 ж. -
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕ” АҚ Маңғыстау облыстық филиалы Мамандандырылған ХҚКО – жинақтау секторының инспекторы;
2015-2017жыл – “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕ” АҚ Маңғыстау облыстық филиалы Мамандандырылған ХҚКО бөлім басшысы;
2017-2022 жылдары – “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕ” АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары;
2022 жылдың 15 наурызынан бері “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕ” АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы.