Ақтау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болып Саркенов Ерлан Әбдіғалымұлы тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Саркенов Ерлан Әбдіғалымұлы 1986 жылы Ақтау қаласында дүниеге келген.
2004-2008 ж. – Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинеринг университетін «Заңгер» мамандығы,
2016-2019ж. - Тараз мемлекеттік университетінде «Архитектура» мамандығы бойынша аяқтаған.
2009-2011 жылдар аралығында «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ тіркеуші, бас маман, 2016-2018 жылдар аралығында - «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы лауазымдарын атқарған.
2019 жылдан бастап Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.